Атырау, 6 мамыр 15:28
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Жарақат алған және қайтыс болған". Шуда полицейлерге қарсы арнайы операция жүргізілді

2 662 просмотра

Жамбыл облысы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және арнайы мақсаттағы бөлімшелер есірткі сатады деген күдікке ілінген полицейлерді ұстау үшін арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары тексеру кезінде күдіктілер есірткі жинап, кейін сату үшін Құмөзек ауылына шығатынын анықтайды.

Қылмысты тоқтату үшін арнайы операция басталады. Полицейлер күдіктілер өте алмауы үшін Шу-Тараз автожолын жауып тастайды. 

Алайда күдіктілер отырған көліктегі жүргізуші арнайы бөлімшенің қызметкерін әдейі қағып өтеді және ол ауыр жарақат алады. Қаруланған күдіктілер жылдамдықты асырып, қашуға тырысқан. Көлікте үш адам болған.

Олар полицейлердің ескерту үшін атқан оғын елемеген. Содан соң полицейлер көлікке оқ атқан. Күдіктілердің екеуі жарақат алды. Біреуі ауруханада қайтыс болады, екіншісіне стационарда көмек көрсетілген, үшіншісі ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жариялауға болмайды", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz редакциясына пайдаланушылардың бірі күдіктілер отырған көліктің және күдікті болған полицейлердің аты-жөні жазылған құжаттың фотосын жолдады. 

20 қазан 2020, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.