Атырау, 2 мамыр 14:27
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Айдарбаев тазарту қондырғысының құрылысын тездетер ме екен?

2 379 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 21 шілдеде Атырауға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алик АЙДАРБАЕВ келеді. Біздің мәлімтіміз бойынша, оның сапарының басты тақырыбы қаланың сол жағалауындағы кестеден қалып отырған кәріз суларын тазарту қондырғысының құрылысы болмақ.

Атырау тұрғындары соңғы күндері қалада күкіртсутегінің иісінен еркін тыныс алу қиынға соқты деп тағы да дабыл қағуда. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде атап өткендей, бұған органикалық заттардың (кәріздік ағын сулардың) және мұнай өнімдері қалдықтарының шіруі себеп болып отыр. Сонымен қатар, бұл мәселені осыдан бірнеше жыл бұрын АМӨЗ-ді жаңғыртқан кезде «Сасық сайдағы» қалдықтарды тазалауды жолға қою мүмкіндігі болды деген ақпарат бар.  Алайда, сол кезде «Қазмұнайгаз» шығындарды оңтайландыруды шешіп, жобадан КСТҚ құрылысын алып тастады. Осы жолғы үнемдеудің зардабын жергілікті халық көріп отыр.

Ал, Айдарбаев экологиялық белсенділердің қатысуымен КСТҚ құрылысы мәселесі бойынша халықпен қоғамдық тыңдау немесе БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, бәріміздің көкейіміздегі «қашан таза ауамен тыныстаймыз?» деген сұрағымызға жауап бере алар ма екен? 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 шілде 2020, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.