Атырау, 17 мамыр 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырғысы келген – прокурор

279 просмотра
видеодан скриншот

Айжан Аймағанова Бишімбаевтың Нүкенованы 10 сағаттан астам уақыт бойы азаптап, аса қатігездікпен өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Қатігездіктің шегі мынада, Салтанат өлім мен өмірдің ортасында жатқанда, ол жайбарақат Насырбековамен кездесіп, басқа әйелдермен хат жазысып, жұмысқа қатысты тапсырмалар беріп, Байжановпен тамақтанып жүрді. Бұл Бишімбаевтың санасы сау болғанын көрсетеді, ол не істегенін жақсы білді. Оған 3 адам кемі 15 рет «жедел-жәрдем шақыр» деп айтқан. Бірақ тек  Салтанат өлген соң ғана, жедел-жәрдем шақырылды», - деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев пен Байжановтың өлім айғақтарының бәрін жойып, Нүкенованың денесін жасырғысы келгенін айтты.

Айжан Аймағанованың сөзінше, сотталушылар Нүкенованың өлгенін біле тұра, оның телефонын «Фитнес-паласқа», одан ары үйге тасыған. Солай Нүкенованың ары-бері жүргенін көрсеткісі келген. Сонымен қатар, Байжанов мүсәтір спиртін Нүкенованың есін жидыру үшін әкелген жоқ, айғақтар жою үшін, VIP бөлмеде әр жерге жағылған қанды, саусақ іздерін сүрту үшін әкелген.

2 мамыр, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.