Атырау, 17 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Жасөспірімдер бақылауда

413 просмотра
Көрнекі сурет

«Жасөспірім және жауапкершілік» іс-шарасы: Бір күнде 74 әкімішілік құқық бұзушылық анықталды.

Атырау облысы аумағында 29 сәуір-5 мамыр аралығында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын-алу сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шараның бір күнінде ІІО-на 71 жасөспірім жеткізілді. 22 қолайсыз отбасының тұрғылықты жері тексеріліп, 5 жасөспірім есепке қойылды. Сонымен қатар, 74 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Оның ішінде:

- ҚР ӘҚБтК 127-бабымен «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі міндетті орындамау» - 3;

- ҚР ӘҚБтК 434-бабымен «Жасөспірімдер арасындағы ұсақ бұзақылық» - 3;

- ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2- бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» - 52;

- ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-бөілігімен «Жасөспірімдердің түнгі уақытта жүруі яғни, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған әрекеттер» - 10.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
2 мамыр, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.