Атырау, 6 мамыр 15:33
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстанда жаңадан салынатын 16 аурухананың сызбасы көрсетілді

Сурет
2 775 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2025 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда салынады деп жоспарланған халықаралық деңгейдегі 16 жаңа көпсалалы аурухананы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ескірген 40 нысанның орнына 16 көпсалалы аурухана салынады - облыстық көпсалалы ауруханалар, қалалық көпсалалы ауруханалар және университеттік клиникалар. Республика бойынша аурухана инфрақұрылымын жаңарту жоспарланып отыр", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Құрылыс жұмыстарының 2025 жылға дейін аяқталатыны айтылады.

Ведомство мәліметінше, әр стационарда науқастарды емдеп, олардың диагнозын анықтау мақсатында заманауи корпустар салынады. Ол бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін дейді.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

28 сәуір 2020, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.