Атырау, 6 мамыр 15:49
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазіргі қазақ киносында «жаңа бағыт» бар ма?", "Бос жер жау шақырады немесе солтүстікті қазақыландырмасақ, соңы неге соқтыруы мүмкін?", "“Дипломмен – ауылға", “Қазсат" зауыт, допинг жыры", "ҚҚС шегін төмендету ШОБ пен тұтынушылар қалтасына ауыр тиеді"

2 338 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Алаяқтыққа оқталған»" - Заңда мұндай айыптау бабы жоқ. Бiрақ менiң баламды осындай “негiзде" соттады. Баяғыда бiреу “өзiң Құ­дай болмаған соң, көретiн күнiң осы" дептi. Қалай дөп басып айтқан деймiн. Әсiре­се, мынандай әдiлетсiздiк әмiрiн жүргiзiп тұрған заман­ға лайық мақал. Мен, Кәрбоз Боздақов, табанымнан таусылып, шындық iздеп шырылдап жүрген жанмын. Ұлыма жабылған жала менiң маңдайыма жағылған күйедей болды. Бiреулер қысастықпен болмағанды болдыртты, ұлыма iстемегендi iстеттi. Бәрi сол қу дүниенiң қамы үшiн, аранды ашқан арам ақшаның iзi үшiн. Сiздерге мән-жай түсiнiктiрек болу үшiн басынан баяндайын.

"“Дипломмен – ауылға", “Қазсат" зауыт, допинг жыры" - Үкiмет бағдарламасымен оң­түстiктен солтүстiкке көшiп барып не жұмыс, не оңды баспана таппай, не жер ала алмай, амалсыздан сандалып нұрлы көштiң басын керi бұрған ағайын қарыз арқалап кетiп жатыр. Оларға бөлiн­ген үкiмет субсидиясын терiскей­дегi әкiмдер қарызға санап, қоныс аударушылардың мойындарына iлiп жатыр. Бiр қарағанда бұл да дұрыс. Мемлекет ақшасының сұрауы мен өтеуi мiндеттi түрде болуы керек. Алайда осы дұрыс әңгiменiң жалғасы неге айтылмайды? Үкiмет бағдарламасынан жылу көрмеген жас мамаман мен қарапайым тұрғын жұмсаған мемлекет ақшасы есепке алынғандай шенеунiктердiң де нәтижесiз iстерiнiң шығыны және оның өтемақысы неге есеп­телiн­бейдi? Газет тiгiндiсiне, интер­нет­тiң сай-саласына iздеу салмай-ақ, сап етiп есiмiзге бiрiншi түскен мысалдарды ғана айтып өтейiкшi.

AZATTYQ.ORG. "Прокуратура жиынында жер митингілерінің себептері айтылды" - Астана маңында 300-ге жуық «проблемалық жер телімдері» бар. Солардың бірінің иесі Зифа Жакеева «сатып алған жері заңсыз болып шығады деп ойламағанын» айтады. Ал Бас прокуратура жиынында «жер митингілері себебі – үй салатын 10 сотық жер мәселесі болғаны» айтылды.

"Қазіргі қазақ киносында «жаңа бағыт» бар ма?" - AzattyqLIVE қазақстандық кино өнеріндегі соңғы жаңалықтар мен халықаралық кино фестивальдерге ұсынылған фильмдерді талқылады. Хабар қонағы - Пусан кино фестивалінде бас жүлде алған «Өліара» қысқаметражды фильмінің авторы, кинорежиссер Елзат Ескендір.

365INFO.KZ. "«Нацпаттар?» Мен оларды «нашистер» деп атаймын — Ермек Тұрсынов" - Танымал режиссер Ермек Тұрсынов «Ninety One» тобы төңірегіндегі шуға қатысты пікірін білдіріпті.

KORRESPONDENT.KZ. "Бос жер жау шақырады немесе солтүстікті қазақыландырмасақ, соңы неге соқтыруы мүмкін?" - Қырымда референдум өтіп, Донецк пен Луганск облыстары өздерін халықтық республика деп жариялап, Украина дүрбелеңнен бас көтере алмай тұрған шақта «Мәскеу мұнымен тоқтамайды, енді Қазақстанның солтүстік облыстарына ауыз салады, өйткені ол жақта орыс тілінде сөйлейтін тұрғындардың үлесі басым...» деген сықылды небір қиямпұрыс мақалалардың ғаламторды шарлап кеткені есіңізде шығар. Қандай қисынға салсаңыз да, бұл тегін әңгіме емес. Империя болуды көксейтін Ресейдің түпкі пиғылынан хабар береді.

"Шенділер табысын көрсетуге дайын емес" - «Әр түрлі деңгейде ұзақ уақыт бойы талқыланған жаппай декларациялау енгізу кейінге қалдырылды» деп хабарлайды sputniknews.kz сайты. Дәлірек айтқанда, халықтың белгілі бір тобы үшін ғана кейінге қалдырылды.

ABAI.KZ. "Даудың даңғазасыз шешілгені дұрыс!" - Баяғыда бір қаланың тұрғындары әкім сайлау үшін жиналыс жасапты. Көп адамның ішінде ең әділ де, адал азаматты қолдап, енді дауыс берейін деп тұрғанда, мінбеге көтерліген бір адам: «Халайық, кімді әкім қылып сайлайын деп тұрсыңдар? Бұның қызы нағыз жезөкше ғой!» деп айқай салыпты. Жұрт аңтарылып тұрып қалыпты. Сонда сайланайын деп тұрған азамат жаңағы адамға: «Ойбай-ау, мен үйленген де жоқпын, қайдағы қызды айтып тұрсың?» десе, айқайшы адам: «Қызың бар ма, жоқ па, әңгіме онда емес, ең бастысы, мен айтарымды айттым» деп мінбеден түсіп кетіпті...

"Байқоңырдың қауіпсіздігін РФ бақылайтын болды" - Байқоңыр ғарыш айлағының қауіпсіздігін енді РФ Қарулы күштері қорғайтын болды. Бұл туралы ресейлік «РИА Новости» агенттігі сүйінші сұрап, жазды.

ҚАЗТАГ. "ҚҚС шегін төмендету ШОБ пен тұтынушылар қалтасына ауыр тиеді" - Үкіметтің шенеуніктері адамды еріктірмейді. Күн сайын Қазақстан министрлер кабинетінен жаңа сюрприз. Және де әдетте ол сюрприздер онша жағымсыз болып келеді: экономикадағы шағын және орта бизнес (ШОБ) үлесін арттыру керектігі туралы ресми мәлімдемеге қарамастан Қазақстан үкіметі ШОБ-ттың Қазақстандағы онсыз да қиындай өмірін одан сайын қиындатпақшы секілді және де тағы да тұтынушылардың «майын сормақшы».

QAMSHY.KZ. "Қазақстанда сотты болған зиялы қауым өкілдері" - Театр қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың қазына қаражатын жымқырды деген айыппен қамауға алынуы қоғамда қызу талқыға түсті. Qamshy.kz Т. Жаманқұловқа дейін де түрлі айыптармен қамауға алынып, сотты болған қазақстандық зиялы қауым өкілдерінің бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

DALANEWS.KZ. "Оразхан АХМЕТ: «Мағауинның Евтушенкодан несі кем?!..»" - Қытайда тұратын қазақ жазушысы, арғы беттегі ағайындар аңызға айналдырған классик, Қытай мемлекеттік «Тұлпар» сыйлығын үш рет иеленген Оразхан Ахмет мырзаны сол тараптағы қазақ оқырмандары ғана емес, күллі Қытай жазушылары жете таниды. Қытайдағы қазақ әдебиетінің кемелденуіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің барлық шығармалары дерліктей қытай тіліне аударылған. Романдары мен повестеріндегі шұрайлы тіл, тұщымды ой, көркем образ қытай сыншыларының жоғары бағасына ие болумен қатар, оқиға өрбітудегі шынайылығы мен кейіпкер образын жасаудағы өзіндік мәнері әдебиет сүйер қауымды тәнті етіп келеді.



4 қараша 2016, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.