Атырау, 6 мамыр 15:55
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Төрт жылдан кейін «заживем, как следует»", "«Қазақстан халқының тілдері күні» – қазаққа керек мереке ме?", "Үкіметтегі «үштікке» сын", "Бішімбаев кімді ақымақ етіп отыр?", "Президент жиенінің қайын атасы"

2 083 просмотра

365INFO.KZ. "«Қазақстан халқының тілдері күні» – қазаққа керек мереке ме?" - 22 қыркүйек – «Қазақстан халқының тілдері күні» деген ресми мереке. Білеміз, оның қалай өтетінін: әр жердеәдеттегідей түрлі этностың киімін киіп, солардың тілінде өлең оқылып, ән шырқалып, би биленеді. Жылдағы дәстүр ғой. Мемлекеттік тілдің мәселесі думанды шаралардың тасасында тағы да қала бермек.

AZATTYQ.ORG. "Президент жиенінің қайын атасы" - Осы аптада ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 50 жасқа толған мерейтойын әртараптандырылған бизнес иесі ретінде тойламақ. Кей БАҚ-тың жазуынша, Қазақстанда алғашқы екі McDonald's мейрамханасын ашқан Боранбаев енді Ресейдегі фастфуд мейрамханалар желісін сатып алу мәмілесін ресімдеп жатыр.

"Қазақстан қара жұмыс мигранттарын шектемек" - Үкімет 2017 жылдан бастап еңбек мигранттарын қабылдағанда «біліктілік пен қажет мамандық» талап етпек. Шетелдік жұмысшылар қазіргі заңның қолайлырақ екенін айтады.

ZHASALASH.KZ. "Адамдарды ұйқыға «бөлеген» радон газы, уран кенiшi екенi анықталды" - Ақмола облысының Есiл ауданындағы Қалашы ауылын үш жылдан берi жайлап алған белгiсiз дерттiң себебi табылыпты. Қазiр Қазақстандағы ақпарат құралдарының барлығы осыны жариялап, жар салып жатыр.

"Көлдiң құртына қараған қазақтың күнi" - Павлодар облысы Ертiс ауданы Қызылқақ ауылында полиция қызметкерлерiнiң тарапынан бол­ған бассыздық жайлы бүгiнде ел-жұрт құлақтанып қалды. 14 қыркүйек, яғни Құрбан айтының үшiншi күнi ауылға басып кiрiп, беттерiне маска киген полицияның автоматты арнайы жасағы көзге түскен тұрғындарды ұрып-соға бастаған. Бұлардың арасында егде жастағы адамдар мен 15 жасар бiр оқушы бар.

KORRESPONDENT.KZ. "Төрт жылдан кейін «заживем, как следует»" - Үстіміздегі жыл тәуелсіздік құшағындағы соңғы сүреңсіз жылдарға қарағанда, қоғамдық-саяси оқиғаларға бай, мағыналы, іш пыстырмайтындай «қызық» жыл болды. Жер дауы, елде бүлік салып, төңкеріс жасамақ болған «сыра королі», таяқ жеген Есентаева, марафоншы Мәсімов – тағысын тағы «көкейтесті» оқиғалар. Кейде осының бәрі халықтың назарын шынымен де өзекті, ел тағдыры үшін маңызды мәселеден бұрып әкету үшін жасалып жатқандай көрінетіні рас. Себебі, біз қазір экономикалық дағдарыстан айтарлықтай зардап шегіп жатырмыз. Ел тұрмысы тұралап, экономикалық көрсеткіштер 2005 жылдың деңгейіне түсіп барады. Бірақ ол бізді онша қызықтырмайды. Өзіміз білмейтін салада неміз бар, ал Есентаеваның көгерген көзі мен жыртылған ернін талқылау үшін үлкен білім қажет емес, қызығушылық болса жеткілікті. Сол аралықта біз ең кедей елдер рейтингінің төрінен орын алып, африкалық Чад мемлекетінің деңгейін «қуып жеттік». Құтты болсын!

"Директорлар допша домалап жатыр" - Директор болу деген анау-мынау пендеңізге бұйыра бермейді. Қаншама қызметкер басшы болуды армандап жүріп зейнетке шығады. Ал, Ақтөбе облысында бір күнде 14 директор өз қызметінен бас тартып отыр. Жаңа оқу жылы басталмай жатып өз жұмысынан бас тартқан директорлардың бұл әрекетін бұрын-соңды болмаған жаңалыққа теліп отыр «Жас Алаш» газеті. Шынында да астынан су шыққандай бір күнде біраз директордың өз «креслосынан» бас тартуын қалай түсінуге болады?

ABAI.KZ. "Үкіметтегі «үштікке» сын" - «Көп қорқытады, терең батырады» деген аталы сөз бар қазақта. Ресми дерекке сүйенсек, халқымыздың 67 пайызы таза қазақ, оны былай қойып, ел тұрғындарының 82 пайызы "мемлекеттік тілді меңгерген" дейтін мәлімет бар. Бірақ, кешегі Үкімет жиынында аузымыздың суы құрып мақтаған Үкіметіміз сол 82 пайыз бұқараның азаматтық құқығын аяққа таптап, 18 пайыз жұрттың тілінде сайрап қоя бергені Сағынтаев бастап, Тасмағамбетов пен Мырзахметов қоштаған үштікке үлкен сын болды.

"Билік қазақ тілді БАҚ-тың ықпалды болғанын қаламайды" - Төмендегі сұхбат ресми басылымдардың бірі үшін жазып алынған еді. Бірақ, мінәйі бір себептермен жария көрмей қалыпты. Сондықтан сұхбатты Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік.

QAZAQUNI.KZ. "Қылыш асынған казактардың жиынын өткізуге кім рұқсат берді?!" - Ұлтты басыну дейміз бе, ұлтаралық алауыздықты туғызды дейміз бе?.. Бұл оқиғаны қалай атауды да білмей дал болдық. Қазақты қырған қанды атаман Ермактың күндерін өздерінің дәстүрлі мерекесі деп атап, Семей жеріне Өскемен мен Шемониханың казактары қылыштарын сүйретіп келіп той тойлады.

QAMSHY.KZ. "Ізбайыров салафизмді ақтап алғысы келе ме?" - Ақтөбедегі терактіден соң ел ішінде діни экстремизм мәселесі қызу талқыланатын тақырыпқа айналды. Дінтанушылар мен өзге де сарапшылар, діни басқарма мамандары терроримзге апаратын себептерді іздестіріп, қауіпті идеологияларға қалқан боларлық ұсыныстарды ортаға тастады. Артынша Алматыда да қайталанған терактіні Мемлекет басшысы, ҰҚК жетекшісі салафизм ағымына қатысы бар радикалдардың әрекеті деп бағалады. Алайда, қоғамда бұл ағымға қатысты пікір екіге жарылып отыр. Бір топ әлемнің әр түкпірінде, әсіресе, араб елдерінің есін алған лаңкестердің негізгі идеологиясы саналатын уаххабизм мен салафизмге заңмен тыйым салып, аталған ағымның үгіт материалдарының таралуына қарсы нақты тетіктер енгізу қажет десе, енді біреулер, салафизмге тыйым салу – адамдардың наным-сенім бостандығын шектеу, конституциялық құқықтарына қол сұғу деп байбалам салуда.

"Бішімбаев кімді ақымақ етіп отыр?" - Кешегі Үкімет жиыны онлайн режимде көрсетілді. Елдегі азық-түлік бағасының өсіміне қатысты Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың баяндамасы жұрттың назарын аударды. Аударатын себебі күн сайын байқалып отырған бағаның өсуі ғана емес, сол өсімге себеп болды деп министр атаған факторлар.





21 қыркүйек 2016, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.