Атырау, 27 сәуір 07:12
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Дегенмен, ол басқарған екен...

1 880 просмотра

Шетелдік БМТ Аргосс Би.Ви. компаниясында орын алған көптеген ҚР салықтық, еңбек және көші-қон заңнамаларын бұзушылық туралы «Қашаған: енді ауа райы туралы» жарияланымын дайындау барысында редакциямыз облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің атына сұраныс жіберген еді.

8.04.2015 күнгі сұраныста «АЖ» мемлекеттік органнан компанияны тексеру нәтижелері туралы ақпарат беруді сұрады, өйткені ол сол сәтте БМТ Аргосс Би.Ви. бұзып отырған фактілер туралы ресми ақпаратқа ие болған еді. Хатта, сондай-ақ, іске қатысты болған екі шетелдік компанияны (біреуі - БМТ Аргосс Би.Ви.) іс жүзінде бас сенімхат негізінде өңірлік менеджер, ҚР азаматы С. басқарады деп көрсетілген.

2015 жылғы 5 маусымда ол Атырау қалалық сотына абыройы мен қадыр-қасиетін, іскерлік беделін қорғау туралы шағымданып, редакциялық сұраныс хатта өзіне қатысты көрсетілген мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тауып, «Ақ Жайықтан» моральдық зияны үшін 500 мың теңге өндіріп алуды талап етті. С.-ның пікірінше, оған тексеруші органдарға компанияны басқармайтынын, аталмыш бас сенімхатқа ешқашан еш қатысы болмағанын дәлелдеуге тура келген.

Ұзақ тексерулер мен бірнеше сот отырысынан кейін Атырау қалалық сотының судьясы Ж. Жұмалиева 14.07.2015 күні шешім шығарды: «Ақ Жайыққа» қатысты мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігі жөнінде талап-арызды және моральдық зиянды өтеу талабын қанағаттандырмады. Жауапкер ұсынған С. сенімхаттары мен жұмыс берушінің бұйрықтарына жүргізілген талдау оның шын мәнінде компания филиалдарын басқару құзіретіне ие болғанын растайды. Шешім 2015 жылғы 24 тамызда заңды күшіне енді.

Меншікті ақпарат

«АЖ» редакциясы көп жыл бойы көрсетіп келе жатқан консультациялық комегі үшін баспасөзді қорғау ұйымы – «Әділ сөз» қорына (Алматы қ.) алғыс айтады.

27 тамыз 2015, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.