Атырау, 27 сәуір 03:03
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әңгіме тек қосымша төлеу жайында

1 977 просмотра

«Сенімхаттың орнына - сақтандыру» жарияланымы оқырмандарымыздың көкейінде бірнеше сауал тудырды. Біз «НСК» сақтандыру компаниясының директоры Михаил КОРНЕВТЕН комментарий беруді өтіндік. 

- Сіздердің жарияланымдарыңызда менің аты аталмаған әріптесім сақтандыру шартына жаңа тұлғаны тіркеу кезінде көлік иесі жаңа шарттың толық құнын төлейтінін айтты. Бірақ бұл олай емес, - дейді М. Корнев. -  Әңгіме тек үстінен қосымша төлеу жайында болып отыр. Бұл төлем сомасы көлік иесі сақтандыру шартын қай кезеңде рәсімдеуге келгендігіне байланысты (одан шартты пайдаланылған уақытының сомасы алынып тасталады), сондай-ақ, бұл көліктің «жасына», көлік жүргізу өтіліне және т.б. байланысты болады. Қосымша төлеу сомасы 600 теңгеден 7 мың теңгеге дейін құрауы мүмкін.

Көлік иесі сақтандыру полисіне 20 адамды болса да, 50 адамды болса да тіркей алады, санын шектеу жөнінде заңда ештеңе айтылмаған. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.