Атырау, 27 сәуір 07:18
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

2 миллиард теңге экологиялық зиянды өтеді

2 519 просмотра

«“ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру» («ҚМГ БӨ») АҚ 2 млрд теңге шамасында экологиялық айыппұл төледі.

Естеріңізге салсақ, жыл басында облыстық прокуратураның тексеру нәтижелері бойынша «ҚМГ БӨ» және «Ембімұнайгаз» АҚ-на («ҚМГ БӨ» еншілесі) Жылыой ауданындағы Прорва кенішінде газды заңсыз өртеу кезінде тигізілген 37,2 млрд теңге мөлшеріндегі экологиялық зиянды өтеу туралы Атырау облыстық экология департаментінің ұйғарымы берілген болатын.   

Алайда, «ҚМГ БӨ» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Елена ПАКТЫҢ айтуынша, олар прокуратуралық тексеру нәтижелері мен экологтардың ұйғарымына қатысты ҚР Бас прокуратурасы мен Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағымданған.

Шағымдану нәтижесінде экология департаменті азайтылған сомада – 1,9 млрд теңгеге жаңа ұйғарым шығарды, - дейді Е. Пак.

Сонымен қатар, естеріңізге салсақ, өткен жылдың маусымында экология департаментінің қызметкерлері Шығыс Мақат, Оңтүстік-Шығыс Новобогат және Шығыс Жаңаталап кеніштеріндегі газ жіберу фактілерін бейнежазбаға түсіріп алған еді Газ, көзбояу және бейнежазба»).

Бүгінгі күні ілеспе газ жіберілмейді. Компания аталмыш кеніш бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 55 мың теңге мөлшерінде айыппұл төледі, - деді Е. Пак. – 2013 жылдың аяғында «Ембімұнайгаз» АҚ «Шығыс Мақат» кенішінде экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жұмыс істейтін қуаттылығы жылына 40 млн текше метр болатын ілеспе газды әзірлеу және тасымалдау қондырғысын іске қосты. Осының арқасында Мақат пен Қызылқоға аудандарының елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі. 2013 жылдың тамызында «Ембімұнайгаз» АҚ С.Балғымбаев кенішінде жобалау қуаттылығы жылына 20 млн текше метр болатын ілеспе газды кәдеге жарату (ІГК) қондырғысының құрылысын аяқтады. Қондырғылар өңірдегі экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Өңделген газдың бір бөлігі өз мұқтаждығы үшін пайдаланылатын болады, бір бөлігі – мемлекет бекіткен баға бойынша ішкі нарықта өткізілетін болады. 2014 жылдың маусымынан бастап ІГК қондырғысы тестілік режимде жұмыс істейді.

Газ жіберу фактісінен басқа экологтар «Ембімұнайгаз» АҚ тарапынан басқа да заң бұзушылықтарды анықтады. Олар бойынша жалпы сомасы 30 млн-нан астам теңгеге ұйғарым шығарылды. Экология департаментінде хабарлағандай, айыппұл толық көлемде төленген.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

31 шілде 2014, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.