Атырау, 10 мамыр 22:38
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырауда

Иісшіл иттер психологиясы Қоғам

Иісшіл иттер психологиясы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жеңіс шеруіне соғыстың барлық майдандарынан қатысқан әскерлермен бірге Қызыл алаңда жетектеуге ілескен иттердің де жүргенін біреу білсе біреу білмес. Сол бір тарихи шеруге  Кеңес Одағының бас кинологы подполковник Мазовер де қатысқан еді. Бірақ оған салтанатты қадам жасап, бас қолбасшыға құрмет көрсетуге рұқсат берілмеді. Өйткені, ол қолына 14-ші штурмдық  инженер-саперлік бригада  жауынгері  жаралы Жолбарыс есімді  итті көтеріп келе жатты. Төрт аяқты бұл жауынгер  Румыния, Чехия, Венгрия  және Австрияның  миналар қойылған  даласындағы ұрыстарға қатысқан. Сол жерлерде  Жолбарыс 468 мина мен 150 снаряд тапқаны үшін  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ие болған еді. Біздің облысымызда осындай иісшіл иттер бар ма? 23 наурыз 2011, 21:41 6 403 просмотра
«Менің үйім – менің қамалым» Қоғам

«Менің үйім – менің қамалым»

Әрбіреуіміз үшін өз үйіміз шексіз әлемнен, сыртқы ортадан қорғайтын қамал, жеке кеңістік. Ол жылы, жарық, қолайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Менің пікірімше, бақытты ошақтың қарапайым ғана түсінігі осылай. Алайда, сайтан алғыр, БАҚ беттеріндегі қылмыстық хабарламалар мен радиода сарнап жататын оқиғалар өз үйіңде де тыныш өмір сүруге болады деген түсінікті кереғар етіп жатады. Ол біздің мүлкімізге көз тіккен түрлі қылмыскерлерден, кей жағдайларда денсаулығымызға, тіпті, өмірімізге төнетін қауіптен үнемі қорғай бермейді. Өзіңізді және өз үйіңізді бөгденің қажетсіз назарынан және үй ұрыларынан қалай қорғауға болады? – деген сауалды құқыққорғау органдарынан, күзет агенттіктерінен  және, әрине, халық пікірін сұраған едім. 23 наурыз 2011, 19:51 26 745 просмотра
ҰБТ-ге құжаттар қабылдау басталды Басқа жаңалықтар

ҰБТ-ге құжаттар қабылдау басталды

Биылғы жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) жүргізу жүйесінде ешқандай өзгерістер болмайды, - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали ӘБДИЕВ облыс педагогтарымен болған кездесуде. 23 наурыз 2011, 21:35 7 891 просмотра
Оқиға

Такси жүргізушісі өз клиентін тонады

Атырау қаласы мен Исатай ауданы арасында кісі тасып, такси жүргізушісі болып өз нәпақасын тауып жүрген Исатай ауданының тұрғыны ұсталды. Кейін белгілі болғандай, ол қаладағы «Дина» базарынан бір әйел адамды мінгізіп алып, арам пиғылға барған. 23 наурыз 2011, 21:44 3 650 просмотра
Экономика

Қолжетімді жаңа баспананың шаршысы 90 мың теңге

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылысының жаңа мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуде. Оған қатысушылар үшін толық әрленген алаңның шаршы метрі 90 мың теңгеден аспайтын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы баспананы салу және өткізу механизмі туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау филиалының директорының орынбасары Алмагүл ӘЛЖАНОВА әңгімеледі. 23 наурыз 2011, 18:10 3 021 просмотра
Экономика

Тауар тасымалдаудағы жаңа құжат

Ресей Федерациясы  үкіметінің қаулысымен  үстіміздегі жылдың 8 наурызынан бастап Кедендік Одақ елдерінен тауарды РФ аумағы арқылы әкелу барысындағы құжаттар пакетіне тауарларды тасымалдау есебінің статистикалық формасы енгізілді. 23 наурыз 2011, 22:28 2 904 просмотра
«Ақ Жайыққа» - 20 жыл Басқа жаңалықтар

«Ақ Жайыққа» - 20 жыл

1991 жылы 16 наурызда өзге қаланың баспаханасынан басылған ақ-қара түсті 4 беттік біздің газетіміздің алғашқы нөмірі сол кездегі «Компаньон» деген атаумен Гурьев шаһарында қолға тиген болатын. Алғашқы парағымыз көптеген қиындықтармен шықты және аймаққа тұрақты таралмаған да еді. Бүгінгі жастар осыдан 20 жыл бұрын республиканың көптеген аймақтарында бірде-бір жеке БАҚ болмады дегенге сенбес те еді. Ескі ұшақтың қанатымен ұшып келген газетіміз біздің тәуелсіз баспасөздің алғашқы қарлығашы болды. Дәлірек айтар болсақ, сол кездегі Қазақ КСР-ның 4 батыс облысындағы алғашқылардың бірегейі деуге болады. 17 наурыз 2011, 22:46 3 453 просмотра
Каспий қасіреті Экология

Каспий қасіреті

15 наурызда жұртшылықтың наразылық білдіргеніне қарамастан Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасын салудың қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жөнінде қоғамдық тыңдау өткізілді. Осы жобаның төңірегінде талқыланып жатқан қызу пікірлер толастар емес. Жергілікті жұртшылық базаны аймақ экологиясына тікелей қауіпті десе, ал тапсырыс беруші мен мердігер бірауыздан мемлекет қазынасына қомақты қаржы түседі деп дәмелендіріп отыр. 17 наурыз 2011, 17:48 8 093 просмотра
Қоғам

Хиджаб: әрқайсысы өз ұстанымын алға тартуда

Өткен аптада Алматы, Ақтөбе облыстарының имамдарынан, Мәдениет министрлігінің Діни істер комитетінің өкілдерінен және «Нұр-Мүбәрак» университетінің ғалым-теологтарынан құрылған үгіт-насихат тобы АМУ студенттерімен және облыстағы жоғарғы оқу орындары мен колледждердің өкілдерімен кездесті.  17 наурыз 2011, 17:04 4 111 просмотра
ЕҚЫҰ  бақылаушылары Атыраудағы жұмыстарын бастады Қоғам

ЕҚЫҰ бақылаушылары Атыраудағы жұмыстарын бастады

2011 жылғы мерзімінен бұрынғы президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясы шақырылған бақылаушылар мен сарапшыларға мандаттар таратты. Олардың екеуі Атырауда екі аптадан бері бақылау жұмыстарын жүргізуде. 17 наурыз 2011, 13:33 3 228 просмотра
Көтерем малдың көктемеге жетуі неғайбыл Қоғам

Көтерем малдың көктемеге жетуі неғайбыл

Индер ауданынының шаруалары сын сағаттарды бастан кешіруде. Көктем басталмай жатып  көтерем малдар арам өліп жатыр. Естуімізше, кей қыстақтарда өлген мал басы 100-ге дейін барған. Шаруалар қолдан келер қайран жоқ деседі. 17 наурыз 2011, 16:24 10 974 просмотра
Экономика

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көтерілді

«ҚР Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің мәліметтері бойынша, соңғы рет қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 2009 жылдың 4-ші қыркүйегінде өзгеріпті, ол әлі күнге дейін жылдық 7 пайыз боп өзгеріссіз қалған. 17 наурыз 2011, 18:46 3 710 просмотра
Қоғам

Буға бөккен подъезд

Авангард 2 ықшам ауданының №3 үй тұрғындары үш аптадан бері подъездерінің көк түтінге оранғанын хабарлады. Түтін болғанда, судың буы бұл. Подъезд ішінен көзіңді біреу тұмшалағандай түк те көрінбейді. Тұрғындар дымқыл ауамен тыныстаймыз деп ауру болатын болдық деп отыр. Және, пәтер іштерінің де дымқылданып бара жатқанына алаңдайды. 17 наурыз 2011, 18:53 2 738 просмотра
Ескі жатақхана әлегі Қоғам

Ескі жатақхана әлегі

Төлебаев көшесі, №44 үй - бұл қаланың қақ ортасында орналасқан ескі жатақхана. Нақтырақ айтсам, қаладағы американдық қалашық пен «Өнерпаз» сауда үйінің арасынан орын тепкен. Жатақхана жаңа ғимаратқа сұранып-ақ тұр. Тұрғындардың да арызданатындай жөні бар екен. Ғимараттың сырты бүтін көрінгенімен, іші жыларман күйде. Ішіне бас сұғудың өзі қорқынышты. 17 наурыз 2011, 18:50 3 659 просмотра