Атырау, 20 мамыр 18:42
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Орамадағы олжа туралы

3 229 просмотра

«АЖ» оқырманы кешкі ас дайындау кезінде «Идеал» супермаркеттерінің бірінен сатып алған тауық бауырының орамасынан күтпеген олжаға кенеліпті.

- Тауық бауыры салынған пластик контейнердің түбінен қанды сұйықтық сіңген біртүрлі қағазды көрдім, - деп әңгімелейді оқырманымыз. – Оны қиғанда, ішінен бауыр қаны сіңген түйіршіктерді көрдім.

Бұл не, денсаулық үшін қауіпті ме, соны білу үшін Интернеттен және дүкен әкімшілігінен анықтауға тырыстық. Ғаламторға келер болсақ, ондағы жауап бірден табылды: контейнердің түбінде өнімнің бұзылмауын және сыртқы түрін ұзақ сақтауға мүмкіндік беретін ылғал сіңіретін (өндірушінің сендіруінше, денсаулық үшін мүлдем қауіпсіз) төсеніш болған. Ал дүкенннің өзінен жауап алу оңай болмады. Дүкен әкімшісі Сатыгүл КӨШЕРБАЕВА былай деп жорамалдады:  

- Бұл, артық ылғалды сіңіру үшін салынған арнайы толтырма шығар, оны өндірушінің өзі салған болуы керек. 

Ақиқаттан алыс емес, алайда нық жауаптың орнына неге тек қана жорамал айтылады?

- Орауышта қара әріптермен тайға таңба басқандай бұл өнімнің «Идеал» супермаркетінде оралғандығы жазылған ғой. Сіз мұны білмегеніңіз қызық екен.

- Бәлкім, бұл бірен-саран жағдай шығар... Басқа да орамаларды қарау керек.

Бірге қарайық деген ұсынысымызға Сатыгүл Көшербаева құлықсыз келісті. Біздің көзімізше ол тоңазытқыш сөреден осындай мұздатылған бауыр орамасын ашқанда, түбінен дәл осындай сіңіргіш төсеніш шықты.

- Мұның не екенін жеткізушіден нақтылау керек, - деді дүкен әкімшісі.

- Бірақ өнім сіздің дүкенде оралған ғой? Міне, орамаға сіздің дүкеннің жапсырмасы жапсырылған.

- Иә, бізде оралған, бірақ оларды осындай күйде жеткізуші жеткізеді.

- Ол жеткізуші кім?

- Мен білмеймін, оны анықтауым керек. Мен қазір.

Солай деді де, кетіп қалды. Қайтадан еш жауапсыз оралды. Қалдырған телефон нөмірі бойынша қоңырау да шалмады, шамасы жауабын әлі іздеп жүрген болуы керек. Ендеше Интернет сізге көмекке келеді!

Бұдан қарапайым да жағымсыз қорытынды жасауға болады: қызметкер не сатып жатқанымен үнемі хабары бола бермейді. Бизнестің серкесі Билл Прайстың «Үздік сервис – бұл сервистің болмауы» деуі дұрыс, ол сервис елеусіз болуы тиіс дегенді меңзеген ғой. Бірақ мұндай дәрежеде емес, әрине...

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 наурыз 2011, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.