Атырау, 25 сәуір 02:09
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көтерілді

3 697 просмотра

«ҚР Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің мәліметтері бойынша, соңғы рет қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 2009 жылдың 4-ші қыркүйегінде өзгеріпті, ол әлі күнге дейін жылдық 7 пайыз боп өзгеріссіз қалған.

«Қаржылық нарықтағы тенденцияны және инфляцияның жылдық деңгейінің өсуін ескерген Ұлттық банк басқармасы 2011 жылдың 9 наурызынан бастап қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін жылдық 7,5 пайыз деңгейінде бекітуге қаулы шығарды», - делінген Ұлттық банктің облыстық филиалының баспасөз релизінде. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, инфляция қарқынының жеделдеуі үстіміздегі жылдың екі айы ішінде осы мерзім ішінде құны 5,1 пайызға (2010 жылдың қаңтар-ақпанында 2,4 пайызға) өскен азық-түлік тауарларының қымбаттауымен шартталған. Азық-түлік емес тауарлар 0,7 пайызға, ақылы қызметтер 3,4 пайызға қымбаттаған. 2011 жылдың ақпанында инфляция жылдық тұлғалаумен 8,8 пайыз (2010 жылдың желтоқсанында 7,8 пайыз) құрады.

Таяуда Ұлттық банк басшысы Григорий МАРЧЕНКО бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляция бойынша болжам (2011 жылы 6-8 пайызға – С.Т.) қайта қаралуы мүмкін, бірақ төмендеу бағытына қарай емес екендігі анық деп мәлімдеді. Сондай-ақ, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін әрі қарай көтеру мүмкіндігін жоққа шығармады. Теңгенің әрі қарай нығаюына келер болсақ – Г.Марченконың айтуынша, қазір болып жатқан жағдай жаңа құбылыс емес екен: «Теңгенің нығаю циклі бұрын да, мұнайдың дүние жүзілік бағасы өскен кезде, теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы да өсе бастаған 2003-2007 жылдары байқалған болатын. Сол кезде осы мерзім 4,5 жылға созылған еді. Қазіргі кезде осыған ұқсас жағдай байқалады, алайда циклдің ұзақтығын алдын ала болжау мүмкін емес», - деді ол.

Айта кетелік, 2003 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 7 пайыз деңгейінде болды және 2007 жылдың аяғына дейін 11 пайызға көбейді.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің классикалық тұрғыдағы түсінігі – банк беретін несиелер бойынша пайызға әсер ететін маңызды көрсеткіш. Алайда, Ұлттық банк көптен бері екінші деңгейлі банктерге 90-шы жылдардың басындағыдай қысқа мерзімді несиелер бермейді. Қазір жалғыз ғана қысқа мерзімді ноталарды шығарумен айналысады - артық ақшалай массаны алып, ол осылайша инфляцияны баяулатады.

Сондықтан сарапшылар қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 0,5 пайызға көбейту ерекше дүрлігісті туғызбайды және екінші деңгейлі банктер өз пайыздарын көтеруге ұмтылмайды деп жорамалдайды.  

Өйткені, кейбір банктер бір жылға пайыздық мөлшерлемені бекітеді, тиісінше, бір жылға буклеттер, проспектілер мен басқа да жарнамалық материалдар дайындалып қойылады. Сондықтан пайыздық мөлшерлемелерді 0,5 пайызға көтеру, олар айтқандай, өздеріне қымбатқа шығады. Дегенмен, әрине, егер қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жыл аяғына дейін 8 пайызға көтерілетін болса, екінші деңгейлі банктердің пайыздары көтерілері сөзсіз.

Қазіргі кезде банкирлер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің көбеюі қазақстандық ипотекалық компания бағдарламасындағы (оны мемлекет жасақтаған) пайыздарға әсер етуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Онда қойылған мөлшерлеме емес, құбылмалы мөлшерлеме белгіленген – ол жылына екі рет қайта қаралуы мүмкін және қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесіне тәуелді. Бірақ үкімет бұлай ете ме, жоқ па, оны уақыт көрсетер.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

17 наурыз 2011, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.