Атырау, 21 мамыр 00:02
 ашықВ Атырау +20
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Атырауда

Қоғам

Бар үміт мұнай-химия кешенінде

Келер жылы Атырау облысында көптеген жұмыс орындарында қысқартулар болады деп күтілуде. Он мыңнан аса атыраулықтар Қашаған жобасының аясында «Болашақ» мұнай және газ кешенін дайындау қондырғысының құрылысы аяқталғаннан кейін жұмыстарынан босатылмақ. Алайда, болашақ жұмыссыздар үшін мемлекет басындағылар белсенді түрде тезірек жүзеге асыруды қолға алып жатқан басқа да ірі жобалардан жұмыс табылуы мүмкін екендігі анықталды.  Осы жобалардың барлығы мұнай өндіруді арттыруға немесе облыста мұнай-химия саласын қалыптастыруға бағытталған. 23 желтоқсан 2010, 00:00 3 262 просмотра
Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды   Экология

Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұнайгаз саласындағы ірі жер пайдаланушыларға қатысты табиғатты қорғау және олардың ісіндегі заң бұзушылықтар  жөніндегі зерттеуін жария етті. Олардың арасында біздің облысымыздағы ТШО, North Caspian Operating Company, Қазтрансойл, АМӨЗ, Ембімұнайгаз компанияларымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ аттары аталады. Әрине, президент айтқандай мұнай мен газ біздің де шаруамыз емес, бірақ сол жердің ауасын жұтып отырғандар нақты жағдайдан хабары болуы керек деп санаймыз. 23 желтоқсан 2010, 00:00 10 247 просмотра
Өкініш құны - 180 миллион Оқиға

Өкініш құны - 180 миллион

№7 «Күншуақ» балабақшасының (СМП-136) мемлекеттік меншікке қайтарылуына байланысты сыбайлас қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Бір кездері бұл істі тергеуді тіпті, бір тұлғаға қатысты басып тастауға тырысқандары белгілі болды. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 106 просмотра
Атыраулық екі шенеунік айыпталуда Оқиға

Атыраулық екі шенеунік айыпталуда

Астанада сот ҚР балық шаруашылығы комитетінің бұрынғы екі төрағасына қатысты істі қарауда. Республикалық ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, аталмыш мекеменің бұрынғы басшысы Қанат СҮЛЕЙМЕНОВКЕ қатысты қозғалған қылмыстық істің материалы сотқа жолданды 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 571 просмотра
Қоғам

Мемлекеттік аралық бақылау енді бола ма?

Көптен бері қалалық мектептердің  оқушылары мен педагогтары арасында МАБ-ды (мемлекеттік аралық бақылау)  алып тастау жөніндегі алып-қашпа сөз шыққалы біраз болды. Жыл сайын  МАБ-дан еліміздің 4-ші және 9-шы сынып оқушылары өтеді. МАБ 2011 жылы бола ма?  22 желтоқсан 2010, 00:00 6 350 просмотра
Қиыршық тастағы апат немесе екі сот арасындағы тартыс Қоғам

Қиыршық тастағы апат немесе екі сот арасындағы тартыс

Көлік иесі өзінің жаңа машинасының бүлінгеніне кінәлі деп, республикалық автокөлік жолына жөндеу жүргізіп жатқан жолшыларды сотқа берген. Және ол істі жоғары екі инстанция - қалалық және облыстық сотта жеңіп шықты. Өндіріліп алған залал мөлшері-3,3 млн. теңге. Бұған қарсы жолшылар ЖКО-ның хаттамасын заңсыз деп тану туралы аудандық сотқа талап арыз берген. Және олар да жеңіп шыққан. Аудандық соттың шешімін облыстық алқа еш өзгеріссіз қалдырды. Міне, осындай қарама-қайшылықтар. Істі қарау әлі де жалғасуда, сондықтан да біз жәбірленушінің тегі  мен мердігер-фирманың атын атап отырғанымыз жоқ. Алайда, бастысы бұл мәселе емес деп ойлаймыз. 22 желтоқсан 2010, 00:00 5 272 просмотра
Мейрамханалар мәзірінде не бар? Қоғам

Мейрамханалар мәзірінде не бар?

Жаңа жыл қарсаңы – мәдени-сауықтыру саласының қызметкерлері мен мейрамхана иелері үшін нағыз қызған  шақ. Дәл осы күндері ақшамызды аямай, көңілімізді көтеруге тырысамыз. Көңіл көтеру орындарының қожайындары түскен пайданы әзер есептеп үлгеретін кездер болады. Алайда биылғы жылы жаңажылдық корпоративтерден бұрынғыға қарағанда аз пайда түседі деп күтілуде. Экономикалық ахуалдың орныққанына қарамастан, көптеген атыраулық кәсіпорындар өз ұжымдары үшін жаңажылдық банкеттер өткізуге сараңдық танытып отыр. 22 желтоқсан 2010, 00:00 9 650 просмотра
Экономика

Кедендік одақ: дәрі-дәрмек жеткізушілер...

Кедендік одақ енгізілгеннен кейін Ресей мен Белоруссияда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін көп нәрсе өзгеріске ұшырады. Бірқатар артықшылықтармен бірге тек бизнесмендердің ғана емес, өкілетті салық және кедендік қызметтердің де сұрақтарын туғызған таласты сәттер орын алды. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 241 просмотра
Экономика

…Бастысы мұнай бағасы өседі

2011 жылы қаржы саласындақандай өзгерістер күтіп тұр? Осы мәселе бойынша біз тәжірибесі мол банк қызметкері Талғат ҚАДЫРҒАЗИЕВҚА хабарласқан едік. Оның пікірінше, дүниежүзілік экономика дағдарыстан енді ғана шыға бастаған. БҰҰ бағалаулары бойынша,  келер жылы дүние жүзінде өндірістің жалпы көлемі бар болғаны 3,1 пайызға артпақ. Қазақстан мен облысымыздағы экономика деңгейі, өкінішке орай, жеткіліксіз, сондықтан да жұмыссыздық мөлшері әзірге азаймақ емес. 22 желтоқсан 2010, 00:00 4 654 просмотра
Аяқ астына қарап жүріңіз, ағайын! Қоғам

Аяқ астына қарап жүріңіз, ағайын!

Қаладағы құдық мәселесі қанша көтерілсе де шешімін таппай келеді. «Алмагүл» ықшам ауданындағы №2 үйдің маңында асфальттің дәл ортасында ашық жатқан құдықты көзіміз шалды. Ол жермен үйдің ауласы болған соң кішкене бөбектер де жүреді. Құдық беті жартылай тат басқан қаңылтырмен жабылған. Әйткенмен, бұл қатерден құтқара ма?... 22 желтоқсан 2010, 00:00 5 238 просмотра
Кәне, қосыл әнұранға! Қоғам

Кәне, қосыл әнұранға!

Бүгін Қазақстан өзінің 19 жылдық тәуелсіздік мерекесін атап өтіп жатыр. Әрине, бұл Қазақстан үшін ең маңызды әрі мұңды мереке (1986-ның желтоқсаны есімізде). Атыраулықтар бұл күнді қалай қарсы алмақ? Шындығына келгенде атыраулықтар үшін мереке 15 желтоқсанда басталып кетті. Жоқ, өрекпімей-ақ қойыңыз, ешкімді ерте жұмыстан жіберген жоқ. Тек атыраулықтар ұжымдарымен бірге біреулері кеңселерінде, біреулері сыртта бір сағатта елдің әнұранын шырқады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 5 098 просмотра
Қоғам

Жаңа тарифтерді енгізу 1 шілдеге қалдырылды

Жаңа жылдан бастап су тұтыну бойынша дифференциалды тарифтерді енгізу жоспары 2011 жылдың 1 шілдесіне қалдырылды. Атырауда сынақ түрінде суға диффренциалды тарифтер енгізуге тиіс болатын. Қоғамдық тыңдауда жаңа технологиялар жөнінде «Атырау су арнасы» КМК бас инженері Виктор СУЩЕНКО әңгімеледі. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 185 просмотра
Жылыойда туберкулез дерті асқынып тұр Қоғам

Жылыойда туберкулез дерті асқынып тұр

Туберкулез проблемасы облыстық әкімдіктегі талқыға салынған мәселеге айналды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, 2008-2010 жылдарға туберкулезбен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаға 2,6 млрд. теңге жұмсалған. Нәтижесі де байқалады: соңғы үш жылда жалпы облыс бойынша сырқат деңгейі 31,2 пайызға төмендеген. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 844 просмотра
Оқиға

Сот Дәулетовті қамауға рұқсат бермеді

9 желтоқсан күні қалалық сот Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Марат ДӘУЛЕТОВТІ қамауға алуға рұқсат беру туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 257 просмотра
Оқиға

«Шлюмбержеге» қарсы іс тоқтатылды

Компания миллиард теңгеден астам салықты өтеді. 2009 жылдың көктемінде салық комитеті тексеру жұ-мыстарының нәтижесінде жалпы сомасы 800 миллион теңгеден астам мөлшерде үстеме салық және оған қоса 372 миллион теңге сомасында өсім төлеуге тиіс екендігі туралы «Шлюмберже» компаниясына хабардар еткен еді. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 230 просмотра
Басқа жаңалықтар

Балабақша кезегіне интернет арқылы жазылуға мүмкіндік тумақ

Қазақстан халқы енді электрондық үкімет порталы арқылы өз балаларын балабақша кезегіне жазып, сауда нүктелерін ашуға рұқсат ала алатын болады. «Новости Казахстан» ақпарат агенттігі хабарлағандай, ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, www.e-gov.kz cайтының («е-үкімет») шеңберінде «е-акимат» атты жаңа жоба жұмыс істемек. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 707 просмотра
Қаңғыбас иттер өріп жүр Басқа жаңалықтар

Қаңғыбас иттер өріп жүр

Қала тұрғындары соңғы кезде қаңғыбас иттердің қаптап кеткеніне алаңдаулы. Олар көшеде өріп жүрген бұралқы иттер балаларымызды қауып алып жүрмесе еді деп қор-қады. Халықтың алаңдайтын жөні бар. Өйткені, іргедегі Орал өңірінде мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. 16 желтоқсан 2010, 00:00 10 879 просмотра
Қоғам сурдоаудармашыларға зәру Қоғам

Қоғам сурдоаудармашыларға зәру

Бүгінде Атыраудағы қазақ саңыраулар қоға-мына сурдоаудармашылар мамандары ауадай қажет болып отыр. Ондағы жүзден астам құлағы мүкіс адамдар бір-бірінің ым-жымын түсінгенімен, қоғам басшыларының сөзін әрең ұғысады. Мұнда құлағы естімейтіндерден бөлек, жалпы қоғамның шаруашылық жұмыстарын атқарып отырған елу қызметкер бар. Ымдау мамандарының тапшылығын олар да едәуір сезініп отыр. Қоғам мүшелерімен түсінісу мүлдем мүмкін болмаған жағдайда олар сөздерін қағазға жазып жеткізуге мәжбүр. 16 желтоқсан 2010, 00:00 5 673 просмотра
Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі Мәдениет

Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі

Қарашаның 9-ы күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ресей елінің Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге Гиннес рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі тұлғалар мен «Шрек», «Жұлдызды жауынгерлер» («Звездные воины»), «Сәттілік серілері» («Джентльмены удачи») фильмдері кейіпкерлерінің елу мүсіні қойылды. Петербургтың балауыз мүсіндер көрмесі Атырауда бірінші рет өткізіліп отыр. Мұнда кейбір мүсіндер тірі адамды еске түсіріп, қасына жақындап қалсаң, қазір-ақ сенімен сөйлесіп кететіндей ерекше әсер қалдырады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 16 045 просмотра
Жастар Инаматқа жанашырлық танытты Мәдениет

Жастар Инаматқа жанашырлық танытты

Желтоқсанның 14-і күні Атырау мұнай және газ институтының студенттерінен құралған «Позитив» КВН командасы «Өмірге үміт сыйлайық!!!» атты қайырымдылық концерт өткізді. Осы концерттен түсетін ақша ауыр науқастанып жатқан 9 жасар Инамат Нұғымановтың емделуіне жұмсалмақ. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 341 просмотра