ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева:
- Басты қатырмасын!
(РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстандағы орыстілділерге қатысты ксенофобия көріністері туралы мәлімдемесіне қатысты айтылды)
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева:
- Басты қатырмасын!
(РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстандағы орыстілділерге қатысты ксенофобия көріністері туралы мәлімдемесіне қатысты айтылды)
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТ:
- Субсидиялау ережелері үнемі толықтырылып, өзгертіліп отырады. Кейбір нәрселерді екі түрлі түсінуге болады. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақтылауды өтініп, талай рет хат жолдадық, әлі жауап алған жоқпыз.
(Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиында айтылды)
«Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ төрайымы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА:
– Сіздер тұтынушыдан ақша аласыздар. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетесіздер, яғни сіздерде басқа қызмет бар және одан пайда түседі. Сондықтан тарифті көтеру міндетті емес.
(2022-2026 жылдарға арналған тарифті және инвестициялық бағдарламаны бекітуге қатысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ» ӨФ өтінімі бойынша өткен қоғамдық тыңдауда айтылды)
Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ:
- Атыраулықтардың денсаулығына тигізілген зиянды өтеу - үкімет құзырындағы мәселе»
(«АЖ» сұхбатында айтылды)
Энергетика вице-министрі Әсет МАҒАУОВ:
Егер 2021 жылдың мамырынан тамызына дейінгі аралықты 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, онда біз дизель отынын 480 мың тоннаға және 2019 жылдың ковидке дейінгі осы кезеңіне қарағанда 250 мың тоннаға артық тұтындық... Қорды қалыптастырудың орнына біз оны жеп қойдық.
(Қазақстанда дизель отынына қатысты ахуал бойынша өткен брифингте айтылды)
Экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:
- Зейнетақы жүйесін реформалаудан бас тарту, косметикалық өзгерістер Еңбек министрлігі басшылығының, сондай-ақ осы идеяны белсенді қолдайтындардың интеллектуалды әлсіз екенін көрсетеді.
(Еңбек министрлігінің жұмыс берушілер есебінен қосымша 5% зейнетақы жарнасын енгізу бастамасы туралы айтылды)
Атырау тұрғыны Талғат ҚҰРМАНҒАЛИЕВ:
- Трассаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берейік. Мүмкін тезірек салар.
(Ақтөбе - Атырау - Астрахань халықаралық автотрассасының құрылысына қатысты айтылды)
Андрей ЛИННИК, ҚР Мәжілісінің депутаты:
- Несие сомасын жасанды түрде ұлғайтуды тоқтату үшін несие мөлшерлемесін азайту қажет. Ол үшін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарау керек. Ол бүгінде қалай болғанда да инфляцияны тежемейді, бірақ екінші деңгейлі банктердің ақылға қонымсыз жоғары мөлшерлеме белгілеуіне себеп болады.
(ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында айтылды)
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:
- Керек болса кадрларды қозғаймын, бірақ топырлатып ауыстырмаймын.
(Жергілікті ардагерлермен кездесуде кадрларды ауыстыру жөнінде айтылды)
Аманжан ЖАМАЛОВ, Парламент мәжілісінің депутаты:
- Қалаған нәрсесін ақиқат етіп көрсеткісі келудің тағы бір әрекетіне қатты ұқсайды... Қаржы министрі салық әкімшілігін қатаңдату себебін Президент жолдауының қай жерінен тапты?
(Қаржы министрлігінің бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау туралы ұсынысына қатысты айтылды)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Әр түрлі деңгейдегі әкімдер өздігінен батыл қадам жасауға қабілетті бола бермейді. Олар орталыққа жалтақтап жұмыс жасайды.
(Қазақстан халқына жолдауы барысында айтылған)
Абзал НАРЫМБЕТОВ, мұнай-газ саласының сарапшысы:
-… Егер мұнайдың бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдыраса, онда қордың (Қазақстанның ұлттық қоры) ақшасы бес жылдан кейін сарқылады.
(Energy Analytics Telegram каналында айтылған)
Модульді стационардың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Дәулен ЕЛЕУОВ:
- Бір ай бойы бақылауда ұстап, ауруымен күресіп келе жатқанда науқас қайтыс болса, ауыр тиеді. Енді беті бері қарады дегенде кенеттен айырылып қаламыз. Бұл біздің жұмысымыздағы ең қорқынышты сәт.
(«АЖ» сұхбатында айтылды)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ:
- Бүгінде бізде 10 898 мұғалім екпе алды. Бұл көрсеткіште Атырау қаласындағы ұстаздардың үлесі көп, аудандарда вакциналау пайызы өте төмен.
(Мұғалімдерді вакциналауға қатысты өткен жиналыста айтылды)
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қаныш МӘМБЕТОВ:
- «Ashyq»-ты жай ғана ашып қоюға болмайды, келушілер мен сатып алушылардың барлығын тексеру керек. Олай болмаған жағдайда кәсіпкерлер жұмыс жасау құқығынан айырылады.
(«Ashyq» жүйесін енгізуге қатысты кәсіпкерлермен кездесуде айтылды)
«Біз таңғы асымызды ішкен жоқпыз, түстенбедік, кешкі асқа да бармаймыз. Бұл аштық жариялау емес, біз тек сұрағымыздың жауабын күтеміз».
(Маңғышлақта ереуілге шыққан жұмысшылардың «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығына айтқаны)
Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка ауылдық округінің әкімі Рахат МАРДАН:
- Әкімді, менің пікірімше, жоғары органдар мен мәслихат емес, халық сайлауы керек.
(Алдағы уақытта өтетін ауыл әкімдерін сайлауға қатысты айтылды)
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР Президенті:
- Бұл жерде дұрыс тәртіп жоқ. Бұл АМӨЗ-дің проблемасы. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында қаржыны жылыстатуға байланысты астыртын әрекеттер өте көп.
(Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды)
Өткел ауылының тұрғындары:
- Жарық, газ төлемдерін, салықты төлегенде керекпіз, ал басқа уақытта қажетіміз жоқ.
Асқар МАМИН, ҚР премьер-министрі:
- Әкімдер, әсіресе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуі қажет. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету және білім беру салаларында міндетті вакциналауды енгізу қажет екені анық байқалып отыр.
(Үкімет отырысында айтылған)
Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі:
- Мен үйден тамақтанбаймын.
(Әкімнің отбасы ай сайын азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны туралы сұраққа жауап бергенде айтқаны)
Мағрипа ЕРҒАЛИЕВА, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры:
- Атырауда ультрадыбыстық диагностика дұрыс жүргізілмейтіні және туа біткен даму ақаулары анықталмайтынын байқадым. Аудандарды айтпай-ақ қояйын. Жалпы, жергілікті дәрігерлер перзентханаға тексеруден өтпеген әйелді жібереді.
(Сәби өліміне қатысты ахуал талқыланған медицина қызметкерлері жиналысында айтылды)
Досым САТПАЕВ, саясаттанушы:
- Біздің іргемізде қолында бәтеңкесі бар, бүкіл әлемге жұдырықпен сес көрсеткен Хрущевтың тұсындағы Кеңес үкіметіне ұқсас мемлекет қалыптасып келе жатыр.
(Facebook-те айтылған)
Вадим ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, Атырау қ. мәслихатының депутаты:
- Атырауда масамен күресу есірткімен күреске тең!
(Қалалық мәслихат сессиясында айтылды)
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВА:
- Егер ақшаны медициналық сақтандыру қорынан алуға болатын болса, онда пациенттердің қалтасына қол сұғудың не қажеті бар?
(Медицина мекемелерінің басшылары қатысқан жиналыста айтылды)
Сейітжан БАЛЖІГІТОВ, шаруа:
- Мен жерді қолданыстағы шаруа қожалықтарының иелеріне конкурссыз беру керек деп санаймын. Әйтпесе, бұл жерлер инвестициялар, басқа да нәрселер туралы әдемі сөйлейтін, бірақ іс жүзінде өздеріне жылжымайтын мүлік сатып алатын олигархтарға бұйырады.
(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)
Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР Мәжіліс төрағасы:
«... Бұрынғы министрлер ауылда кеңжолақты интернет болады деп бес рет уәде берген. Халықтың күткеніне он жыл өтті. Айтыңдаршы, ауылда қашан дұрыс интернет болады?»
(Парламентте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге айтылды)
Есенбек ҚУАНҒАЛИЕВ, Көптоғай ауылының тұрғыны:
- Шекара қоршауын алды, бірақ уақытша деді. Сонда күндердің күні қоршауды қайта салуы мүмкін деп алаңдап өмір сүреміз бе?
(«АЖ» тілшісіне айтылған)
«Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ИЗТЕЛЕУОВ:
- Пандемия алдында бізде жұмыс жасағандардың 30 пайызы жергілікті де, қалған 70 пайызы Өзбекстан азаматы болды. Ал қазір тең деуге болады. Бірақ жұмысшылар әлі де жетіспей жатыр. Сондықтан жақында Өзбекстанның 70 азаматы үшін чартерлік әуе рейсін ұйымдастырдық.
(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)
Абай УӘЛИ, Тасқала ауылының тұрғыны:
- Біздің пікірімізді білу үшін қоғамдық тыңдаулар неге ұйымдастырылмады? Конституцияда жердің халыққа тиесілі екені жазылған және біз бұл жерді қорғаймыз!
(Жеке компанияның карьер қазу жұмыстарын жүргізуіне қарсылық білдірген Тасқала ауылы тұрғындарының митингісінде айтылды)
Жалғас КҮЗЕМБАЕВ, «Атырау» ФК жанкүйері:
- Егер команда келесі матчта да лайықты нәтиже көрсетпесе және содан кейін біздің талабымыз орындалмаса, біз көшеге шығып, облыс әкімдігі алдында наразылық білдіреміз.
(Футбол жанкүйерлерінің «Атырау» ФК басшылығымен кездесуінде айтылды)
Алексей ЦОЙ, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі:
- Мемлекет басшысының осы вакцинаны қабылдауды ұйғаруының себебі - Sputnik V да қазақстандық вакцина. Ол Қазақстанда шығарылады. Иә, ішіндегі субстансасы Ресейде жасалған, бірақ ол Қазақстанда өндіріледі. Барлық жерде: орамасының сыртында, зауытта да «бұл вакцина Қазақстанда өндірілген» деп жазылған.
Ирина УНЖАКОВА, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
- Қазір елімізде қалыптасқан жағдайға қарасақ, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күресте өз тәжірибесінен де, әлем тәжірибесінен де сабақ алмағаны көрініп тұр.
(Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ атына жолданған депутаттық сауалда айтылған)
Тоғайбай ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ, ауыл тұрғыны:
- Жайылымның тапшылығы туралы мәселе көтергенде, бос жер жоқ деді, ендеше оны қайдан тауып алды? Халықпен ақылдаспай жерді бермесін. Біз бермейміз.
(«Көктөбе» учаскесінде 800 гектар жер телімін ауыл шаруашылығы мақсатында беру мәселесі туралы ауыл тұрғындарының жиынында айтылды)
Академик Мұфтах ДИАРОВТЫҢ рухына:
«2002 жылдан бастап табиғи ортаны ластағаны үшін айыппұлдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кетеді. Яғни, қоршаған орта қарқынды ластанған сайын мемлекеттік бюджетке көп ақша түседі және мемлекет биосфераға зиян келтіру арқылы байып жатыр, ал, бұл жағдай, менің ойымша, дұрыс емес».
(Диаровтың 2014 жылы Атырауда экологиялық қор құруға қатысты Премьер-Министрге жазған хатынан).