Атырау, 20 сәуір 10:37
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Барлық дәйексөздер

20 сәуір 2022

ҚР Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ:

– Бұрын банк несиелері жалпы ішкі өнімнің 50 пайызынан астамын құраса, қазір 40 пайыздан аз, 30 пайыздай болса керек. Базалық мөлшерлеме жоғары болғандықтан, біз үкімет ретінде экономиканың нақты секторын қолдауға мәжбүрміз: олар бұл ақшаны араластырып, экономиканы несиелеу үшін субсидиялауға, қорларымыздың жарғысын толықтыруға, Қазақстанның Даму банкіне қаражат бөлеміз.  

(«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгеріс енгізуді талқылау барысында айтылды)

13 сәуір 2022

«Bank Centercredit» басшысы Ғалым ҚҰСАЙЫНОВ:

– Бұл бағдарламалардан құрылыс компаниялары, құрылыс материалдарын импорттаушылар, сондай-ақ жақсы зейнетақы жинағы бар ауқатты және орта тап өкілдері пайда көрді. Нәтижесінде баспанасы барлар тағы үй сатып алды, ал баспанаға мұқтаждар әлі де ұзақ уақыт күтеді.

(Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану бағдарламасы туралы айтылған)

6 сәуір 2022

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС директоры Әсемгүл АҚСАМБИЕВА:

– Біз 1,5 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өндіріп алдық. Биыл наурыз айында бұл соманы бізге облыстық энергетика және ТКШ басқармасы төледі... Егер бүгінде 2018 жылы қырылған 101 тонна балығымыз бар болғанда, біз ірі уылдырық жеткізушілердің бірі болар едік.

(2018 жылғы желтоқсанда балықтың жаппай қырылуына байланысты келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу бойынша облыс әкімдігімен соттасқаны жөнінде айтылды)

30 наурыз 2022

Petrocouncil мұнайгаз саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту кеңесінің төрағасы Асылбек ЖӘКИЕВ: 

- «Қазмұнайгаздың» еншілес кәсіпорындарында, сол «ЕМГ»-да тендер рәсімдері ашық болуы керек, мұндай жайттардың алдын алатын қатаң қоғамдық бақылау болған жөн. Қазір «дербес құқылы» компаниялар жоқ. Біреулердің қамқорлығында болған ірі компаниялар да тендерге жалпы негізде қатысады.

(Мұнайсервис саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тендерлерін өткізуге қатысты айтылды)

23 наурыз 2022

ҚР Астық одағының ресми өкілі Евгений КАРАБАНОВ:

- Шаруаларды өз өнімін өткізу мүмкіндігінен айыруға біз мүдделі емеспіз. Бар астыққа қарап отыру - өліммен тең. Мұнымен келіспеу үшін ерік-жігер мен дәлел жеткілікті болады деп үміттенемін.

(Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге астық, күнбағыс және май экспортын жабу мүмкіндігін қарастыру ұсынысы туралы айтылды).

16 наурыз 2022

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

– Президент жолдауы 2024 жылы өтетін президент сайлауына әзірлік секілді көрінді. Өйткені бұл қаңтар оқиғасынан кейін саяси тұрақтылықты сақтау тұрғысынан билікті қатты алаңдатып отыр.

(Президент Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына қатысты айтылды)

9 наурыз 2022

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат ОРАЗБЕК:

- Бізге төнуі мүмкін деген қауіпті жан-жақты қарастырдық. Бірақ Қазақстанда интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайтынына көзіміз жетті. Қазақстан интернетті тек Ресей арқылы алмайды. Яғни еліміздің интернеттен толықтай ажырап қалу қаупі жоқ. 

(Ресейдің жаһандық желіден ықтимал ажыратылуы туралы журналистердің сұрағына берген жауабы)

2 наурыз 2022

Мәжіліс спикері Ерлан ҚОШАНОВ:

– Бұл Мәжіліс жоспарында жоқ. Неліктен оның күшін жоюымыз керек? Ол тарихи тұлға. Елбасының тарихи рөліне ешкім дауласпайды деп ойлаймын.

(«Тұңғыш президент» туралы заңды қайта қарау мүмкіндігі туралы журналистер сауалына берген жауабы)

 

23 ақпан 2022

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман СКЛЯР:

– Жан-жақты ойластырылған шешім қабылданды. Автомобиль өнеркәсібін ынталандыру деңгейі көлік пен өндірілетін ауылшаруашылық техникасының барлық түріне утильалымды 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

 ("Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтылды)

18 ақпан 2022

Заңгер Джохар ӨТЕБЕКОВ:

- Бас прокуратура цифрларды бұрмалап отыр. Іс «қозғалды» деген сөз «тергеу жүргізіліп жатыр» дегенді білдірмейді. Бас прокуратураның порталын қарадым, көп іс жабылыпты. Прокуратура қанша полицейдің күдікті деп танылғанын, қаншасы қамауға алынғанын атаса жақсы болар еді. Ешқайсысына шара алынбады деп күдіктенемін.

(Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған азаптау бойынша қылмыстық істерге қатысты айтылды)

9 ақпан 2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:

- Әлеуметтік желіде қазақстандық көліктердің көпшілігі дайын күйде келеді деген ақпарат үздіксіз таралуда. Тек дөңгелектерді бекіту ғана қалады дейді. Мұндай мәлімдемелердің қаншалықты шындыққа сай келетінін анықтау керек. Осыдан соң шара алу қажет.

 (Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды)

 

2 ақпан 2022

Мәжіліс депутаты Ерлан САИРОВ:

- Халықтың кедейлігі мемлекетке өте қымбатқа түскенін тәжірибе көрсетіп отыр. Ішкі жалпы өнімнің еселеп өсуіне қарамастан, Қазақстан ондаған жылдар бойы, кедейлік шегін көтермей келеді. Бүгінде Қазақстан күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің қатарында тұр.

(Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауалында айтылды)


26 қаңтар 2022

Саясаттанушы Досым Сәтпаев:

– Қазақстанға мемлекеттік аппаратты жаппай тазарту және люстрация қажет.

(Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты айтылды)

19 қаңтар 2022

Атырау тұрғыны Сергей ШУТОВ:

– Осылай азаптау әрекеттерін олар халықты митингіге шығу, азаматтық ұстанымын білдіру ниетінен айныту мақсатында жасады.

(«Динамо» спорт залында оны және ұсталған митингке қатысушыларды ұрып-соғу туралы)

12 қаңтар 2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: 

- Тұңғыш Президент – Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және тіпті халықаралық өлшемдер бойынша да өте бай адамдар пайда болды. Енді олардың Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оған жүйелі және тұрақты түрде көмектесетін кезі жетті деп санаймын.

(ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылды)

5 қаңтар 2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Негізгі кінә үкімет пен «Қазмұнайгазда».

(Сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты 
туған наразылыққа қатысты айтылды)

29 желтоқсан 2021

Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:

- Негізінде Қазақстанның банк саласы өте табысты, онда миллиардтаған кіріс бар, бірақ олар ең басты нәрсе – экономиканы ұзақ және орташа мерзімге несиелеумен айналыспайды. 

(Қазақстандағы банк дағдарысы туралы айтылды)

22 желтоқсан 2021

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН:

-Фараондар заманынан бері билікті ешкім жақтырмайды... Қандай жақсылық жасаса да, бәрібір билікке жақсы ат жоқ.

(Өзіне айтылған сынға қатысты білдірген пікірі)

15 желтоқсан 2021

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ:

- Әрине, Хаменованың ұсталғанын естігенде көңілім түсіп кетті. Дегенмен тергеу нәтижесін күтеміз. 

(Өзінің орынбасары Б.Хаменованың ұсталғанына қатысты айтылды)

8 желтоқсан 2021

«Ақ жол» партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Азамат ӘБІЛДАЕВ:

- Банк пен шағын несие беру мекемелері қарызын қайтарғанда ешқандай түсіністік танытпайды. Осындай кезде адам өзіне қол жұмсауға мәжбүр болады.

(Қаржылық қиындыққа тап болған азаматтардың несиесін кешіру үшін амнистия жариялау ұсынысына қатысты айтылды)

1 желтоқсан 2021

Экономист Олжас Құдайбергенов:

Көп балалы болу менталитетін жан-жақты қолдау керек, өйткені бұл сондай нәзік нәрсе. Үзілсе, кейін қайта қалпына келмейді.

(Facebook-тегі жеке парақша)

24 қараша 2021

Н.Назарбаевтың кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос ҮКІБАЙ: 

– Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру – билік транзитінің қисынды жалғасы ғана. 

(Н.Назарбаевтың өзінің Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешіміне қатысты айтылды)

17 қараша 2021

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Егер қарыз алушының сатылған мүлкі негізгі борыш сомасын жаппаса, оның қалған берешегі есептен шығарылу тиіс.

(Банктің кепіл саясатын жетілдіру қажеттігіне қатысты айтылды)

10 қараша 2021

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева:

- Басты қатырмасын!

(РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстандағы орыстілділерге қатысты ксенофобия көріністері туралы мәлімдемесіне қатысты айтылды)

3 қараша 2021

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТ:

- Субсидиялау ережелері үнемі толықтырылып, өзгертіліп отырады. Кейбір нәрселерді екі түрлі түсінуге болады. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақтылауды өтініп, талай рет хат жолдадық, әлі жауап алған жоқпыз.

(Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиында айтылды) 

27 қазан 2021

«Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ төрайымы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА:

– Сіздер тұтынушыдан ақша аласыздар. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетесіздер, яғни сіздерде басқа қызмет бар және одан пайда түседі. Сондықтан тарифті көтеру міндетті емес.

(2022-2026 жылдарға арналған тарифті және инвестициялық бағдарламаны бекітуге қатысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ» ӨФ өтінімі бойынша өткен қоғамдық тыңдауда айтылды)

20 қазан 2021

Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ:

- Атыраулықтардың денсаулығына тигізілген зиянды өтеу - үкімет құзырындағы мәселе»

(«АЖ» сұхбатында айтылды)

13 қазан 2021

Энергетика вице-министрі Әсет МАҒАУОВ:

Егер 2021 жылдың мамырынан тамызына дейінгі аралықты 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, онда біз дизель отынын 480 мың тоннаға және 2019 жылдың ковидке дейінгі осы кезеңіне қарағанда 250 мың тоннаға артық тұтындық... Қорды қалыптастырудың орнына біз оны жеп қойдық.

(Қазақстанда дизель отынына қатысты ахуал бойынша өткен брифингте айтылды)

 

6 қазан 2021

Экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

- Зейнетақы жүйесін реформалаудан бас тарту, косметикалық өзгерістер Еңбек министрлігі басшылығының, сондай-ақ осы идеяны белсенді қолдайтындардың интеллектуалды әлсіз екенін көрсетеді.

(Еңбек министрлігінің жұмыс берушілер есебінен қосымша 5% зейнетақы жарнасын енгізу бастамасы туралы айтылды)

29 қыркүйек 2021

Атырау тұрғыны Талғат ҚҰРМАНҒАЛИЕВ:

- Трассаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берейік. Мүмкін  тезірек салар.

(Ақтөбе - Атырау - Астрахань халықаралық автотрассасының құрылысына қатысты айтылды)

22 қыркүйек 2021

Андрей ЛИННИК, ҚР Мәжілісінің депутаты:

- Несие сомасын жасанды түрде ұлғайтуды тоқтату үшін несие мөлшерлемесін азайту қажет. Ол үшін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарау керек. Ол бүгінде қалай болғанда да инфляцияны тежемейді, бірақ екінші деңгейлі банктердің ақылға қонымсыз жоғары мөлшерлеме белгілеуіне себеп болады.

(ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында айтылды) 

15 қыркүйек 2021

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Керек болса кадрларды қозғаймын, бірақ топырлатып ауыстырмаймын.

(Жергілікті ардагерлермен кездесуде кадрларды ауыстыру жөнінде айтылды)

8 қыркүйек 2021

Аманжан ЖАМАЛОВ, Парламент мәжілісінің депутаты:

- Қалаған нәрсесін ақиқат етіп көрсеткісі келудің тағы бір әрекетіне қатты ұқсайды... Қаржы министрі салық әкімшілігін қатаңдату себебін Президент жолдауының қай жерінен тапты?

(Қаржы министрлігінің бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау туралы ұсынысына қатысты айтылды)

1 қыркүйек 2021

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Әр түрлі деңгейдегі әкімдер өздігінен батыл қадам жасауға қабілетті бола бермейді. Олар орталыққа жалтақтап жұмыс жасайды.

(Қазақстан халқына жолдауы барысында айтылған)

25 тамыз 2021

Абзал НАРЫМБЕТОВ, мұнай-газ саласының сарапшысы:

-… Егер мұнайдың бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдыраса, онда қордың (Қазақстанның ұлттық қоры) ақшасы бес жылдан кейін сарқылады.

(Energy Analytics Telegram каналында айтылған)

1...345...17