20 мамырда «Академик З. Қабдолов атындағы қор» және «Алшы» қоры Атырау облысындағы өзге ұлт өкілдері арасында өтетін «Мен қазақша білемін! - 2001» байқауын ұйымдастыру және өткізу жөнінде ТШО компаниясында дөңгелек үстел өткізді.
Байқау дөңгелек үстел ретінде жоспарланды. Жарыс талабын талқылауға «Алшы» қорының қызметкері А. Бақтыгерей, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстазы, профессор Қадір Жүсіп қатысты. .
Байқау «Мен қазақша сөйлеймін», «Мен қазақша жазамын», « Менің Отаным-Қазақстан» кезеңдерінен тұратын болады.
Тілі басқа, тілегі бір деген ұранмен өткелі жатқан байқау, барша Атыраулық өзге ұлт өкілдерін сайысқа қатысуға шақырады. Қатысуға талап білдірушілер 31-мамырға дейін өтініш білдірулеріне болады. Жеңімпаздарға: 1 - орынға- ноутбук, 2 - орынға - бейнекамера, 3 - орынға - сандық фотоаппарат сыйға тартылып, сайыскерлерге өзге де сыйлықтар мен байқау дипломдары табыс етілмек.
Құрметті Атыраулықтар! Егер де сіз қазақ тілін жете меңгерген өзге ұлт өкілі болсаңыз, «Мен қазақша білемін!-2011» сайысына қатысып, бағыңызды сынаңыз. Мүмкін бас жүлде сіздің қанжығаңызға байланғалы тұрған шығар.
Толығырақ ақпаратты: E-mail: b.ainur.87@,aishy.fond@g және Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 101, «а» мекен-жайынан білуге болады.
Айдана Досахашева,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті, Атырау қаласы.