Дүйсенбі күні сотта «АтырауҚұрманҚұрылыс» блогына топтастырылған материалдар бойынша Нұрсая және Алмагүл ықшам аудандарындағы жалгерлік және несиелік баспаналардың құрылысы кезіндегі заңбұзушылықтарға қатысты («Экс-әкімнің ісі. “АҚҚ”блогы») тыңдаулар жалғасты. Кәугерлер ретінде тергеу кезеңінде қатыстырылған сарапшылар шақырылды.
ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ САРАПШЫСЫНЫҢ ЖАУАБЫ
Соның ішінде 2012 жылдың қыркүйегінде қаржы полициясы Агенттігінің хаты негізінде Нұрсая ықшам ауданындағы сегіз үйдің құрылысы кезінде бюджет қаржысын мақсатты пайдаланғанын анықтау үшін сараптама жүргізген ҚР қаржы министрлігінің қаржы бақылау Комитетінің өкілі Равиль ТӨЛЕБАЕВТАН жауап алынды.
Төлебаевтың айтуынша, тексеру қаржы полициясының аталған нысан бойынша ұсынған құжаттары негізінде (конкурс қорытындысының хаттамалары, мемлекеттік сараптамалар,жобалау-сметалық құжаттамалар, құрылыс жүргізу келісімшарттары, төленген есепшоттар мен орындалған жұмыстардың актілері) жүргізілген. Сол кезде құрылыстың сараптаманың оң қорытындысынсыз басталғаны анықталған.
Тапсырысшы («Қалалық құрылыс бөлімі» ММ) мен мердігер («АҚҚ» ЖШС) арасында жасалған келісімшартта мердігер үш тұрғын үйді бюджет қаржысы есебінен - 758 млн теңгеге, ал цоколды және мансард қабаттарды өз қаржысына - 362 млн теңгеге салуы тиіс болатындығы көрсетілген. Бұл келісімшарт 2009 жылдың маусымында жасалған, ал кейінірек, тамызда мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған (алайда бәрі керісінше болуы тиіс). Мемлекеттік сарапшылардың есептеуі бойынша, 8 үйдің құрылысы 1 млрд 038 млн теңгеге (цоколды және мансард қабаттарын қоспағанда) шыққан. Бірақ, келісімшартта көрсетілгендей, сома бастапқыда төмендетілген және мердігер үйлерді 758 млн теңгеге салған. Төлебаевтың айтуынша, барлық 8 үй толықтай (цоколды қабаттар мен мансардтарды қосқанда) бюджеттің қаржысына салынған, яғни 758 млн теңгеге. Оның айтуынша, цоколды және мансард қабаттардың құрылысына компанияның өз қаржысы жұмсалмаған. Осындай қорытындыға қаржы сарапшысы «АҚҚ» есепшісінің жауабын негізге ала отырып келген.
Тағы бір құжат бар, ол «АҚҚ» мен «АтырауСтройКонтракт» қосалқы мердігер мекеменің арасындағы цоколды және мансард қабаттардың құрылысының 362 млн теңге сомасынажасалған келісімшарты. Бұл құжатты Төлебаев жалған деп есептейді, себебі оның айтуынша, қосалқы мердігердің келісімшарты 2011 жылы жасалған, ал барлық сегіз үйдің де құрылысы 2009 жылы аяқталған.
Сарапшы 187млн теңгекөлеміндегі бюджет қаржысы мақсатсыз пайдаланған деген қорытынды жасады. Сондай-ақ, Төлебаев қабырғаларды кірпішпен қалау жұмысының құны 32 млн 200 мың теңге көлемінде асыра көрсетілген цифрдың тексеру орнына барғанда бақылау мақсатымен өлшеу кезінде алынғанын айтады.
КҮДІК ТУҒЫЗҒАН 187 МИЛЛИОН
Бірақ адвокаттар сарапшының қорытындысына күмәнмен қарады. Оларды 187 млн теңгенің қайдан шыққаны қызықтырды. Мемлекеттік сараптама актісіне негізделген деген Төлебаевтың жауабы қорғаушы тарапты қанағаттандырмады. Төлебаевтың айтуынша, ол мемлекеттік сараптама бекіткен сомаға сәйкестігін анықтау үшін цокольды және мансард қабаттардың іс жүзінде өлшемдерін жүргізбеген. Бірақ оның алдына ондай тапсырма қойылмапты: «Одан әрі сот сараптамасы тағайындалып, іргетас, бетон құю және өзге де жұмыстар жеке-жеке қаралуы тиіс болатын», - деп түсіндірді ол.
Құрылысшылардың бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсағандығы туралы қорытындысын сарапшы тек «АҚҚ» есепшілерінің берген жауаптарына негіздеген. Сарапшыға деген негізгі талап та осы болды. «АНиТА Консалтинг»ЖШС директоры, айыпталушы ШАРЫПКИНА:
-Егер есепшінікі дұрыс болмай, ал сіз оның жеке қаржы пайдаланылмады деген пікірінің дұрыстығын тексермеген болсаңыз, онда біз 187 млн-ның дұрыс жұмсалмағаны туралы мүлде сөз қозғай алмаймыз ба? – деп сұрады.
- Солай болғаны, - деп жауап берді Төлебаев.
- Сіз сарапшысыз, сіз біреудің айтқан сөзіне негіздеп қорытынды жасай бересіз бе? Сіз қаржылық сараптама жасау үшін, қаржы мақсатты жұмсалды ма, жоқ па, соны анықтау үшін келдіңіз. Егер сіз, өзі мойындағандай, жеткілікті білімі жоқ есепшінің берген жауабын негізге алсаңыз, онда сіздің қорытындыңызға түкіргенім бар.
«АтырауҚұрманҚұрылыс» ЖШС директоры, айыпталушы ӘЛІМОВ үш тұрғын қабатты жобалауға әкімдік (тапсырыс беруші) тапсырыс бергенін, ал цокольды және мансард қабаттарға Әлімов бөлек тапсырыс бергенін түсіндірді. Оның айтуынша, сарапшыға жобалау-сметалық құжатының екі бөлек келісімшартын көрсету керек еді: тапсырыс беруші мен мердігердің. Бірақ, Төлебаевтың айтуынша, оған тек тапсырыс берушінің келісімшартын ғана көрсеткен.
КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН АЙЫРМАШЫЛЫҚ
Екінші куәгер – Атырау облысы бойынша сот сараптама институтының құрылыс сараптамасы бойынша бас сарапшысы Айгүл ЕРМАҒАМБЕТОВА. Ол қызыл кірпіштің қайыршақ тасқа алмастырылғаны үшін анықталған айырмаға баға беру керек еді. Тергеу барысында мамандардың алғашқы бақылау өлшеу актісіне сәйкес, айырма, шамамен, 11 млн теңгені құрады. Ермағамбетова бұл цифрды өз өлшемдеріне сәйкес емес, алғашқы өлшеу актісіне негіздеп растады. Оның айтуынша, ол тек көзбен ғана шолып шыққан, себебі мердігер компания өкілі, яғни, «АҚҚ» бас инженері алғашқы өлшеу актісімен келіскен. Бұл сарапшының да қорытындыларына қорғаушы тарап күмән келтірді.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА