Атырау, 22 қараша 23:06
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Кардиолог Мирам НҰҒМАНОВ: «Сіздер етті көп жейсіздер»

4 000 просмотра

Бұрын аортокоронарлы шунтирлеу операцияларын жасату үшін атыраулықтар Алматыға, Астанаға және алыс шетелдерге де баратын. Ал, өткен жылдың сәуір айынан бастап біздің  кардиохирургтар ондай операцияларды өздері жасай бастады.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана атыраулық кардиохирургтар Астана қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігерлерімен және облыстық перзентхана үйінің акушер-дәрігерлерімен бірлесе отырып жүректің ауыр сырқатымен ауратын жүкті әйелге бұрын жасалып көрмеген өзгеше операция жасады. Дәрігерлер алдымен «кесір тілігі» арқылы баланы құтқарып алып, кейін анаға жүрекке ашық операция жасады. Міне, тағы бір гибридті операция.

- 60 жастағы пациенттің үш басты жүрек артериясын 99 пайызға   атеросклеротикалық түйіндер жауап тастаған. Мұндай пациенттер о дүниеге бірінші үміткерлер болып табылады. Олар түрлі эмоциялық көңіл-күй салдарынан болатын ұстамалардан кейін бірден көз жұмады. Ол бәлкім, күйзеліс не қуаныш та болуы мүмкін. Және олардың жастарының егде болуы міндетті емес. Олардың арасында 40-қа келгендер де бар. Көбіне бұл сырқатпен әйелдерге қарағанда негізінен ерлер көп аурады, - деп әңгімелейді Атырау қалалық ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мирам НҰҒЫМАНОВ.  

Қуаныш Бисенәлиев дәрігерлермен бірге

27 сәуірде науқас Қуаныш БИСЕНӘЛИЕВКЕ жасалған 4 сағатқа созылған операция барысында жарамсыз артерияның орнына аяқтың жоғарғы жағынан алынған екі кесінді көк тамырды орнатты. Бұдан басқа, операция барысында жұмысы тоқтап қалған жүректе артерияның бірінің жіңішке және оның шунтирлеуге жарамайтындығы белгілі болған. Сондықтан да 29 сәуірде рентген-хирург Мұрат ХАЙРАЛИЕВ осы артерияға стенттілеу жасады. Сондықтан да операция гибридті деген атау алып отыр.

Егер бұрын бұл ер адам жүрек тамырларының бітеліп қалуынан стенокардия мен  ентікпеден зиян шексе, енді екі рет жасалған операциядан кейін оның жүрегі қалыпты жұмыс жасап тұр.   

Қуаныш ағаның айтуынша, оның жүрегінің сырқаты 30 жасында басталған. Содан бері қарай ол түрлі клиникаларда үнемі емделіп отырған. Өз сырқатының диагнозын білген ол операция жасату туралы ойланған, бірақ, әрине Атырауда емес.

– Менің таныстарым осындай сырқатпен Израильге барды, ал, мен секілді кейбіреулері астаналық дәрігер Юрий ПЯНЫҢ кезегін күтеді (автордан – Ұлттық медициналық холдингтің кардиохирургиялық клиникасының директоры).

- Мен мұндай операцияны бізде, Атырауда жасайды деп күтпеген едім, - дейді Атырау қалалық ауруханасының кардиохирургия бөлімінің кешегі пациенті.

- Иә, мен бұл жерде пациенттердің бізге деген көзқарастарының қалай өзгергендігін өз көзіммен көріп отырмын. Өткен жылдың өзінде-ақ, олардың кейбірі бізге айқайлап: «Сендердің қолдарыңнан не келеді? Астраханға немесе Астанаға барамын!», - деп дік көрсететін, - дейді М.Нұғыманов.

– Ресми статистика Қазақстанда адамдардың көпшілігі қан айналымы сырқатынан көз жұматындығына сендіреді. Бізде аортокоронарлы шунтирлеу операцияларына зәру пациенттер көп пе?

– Әлемдік статистика бойынша миллион халыққа жүрекке жасалатын 1000 операциядан келеді. Олардың ішінде жүректің ишемиялық сырқаты, түрлі туа болған және жүре бара пайда болған жүрек ақаулары бар. Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жұмыс істеген кезімде мен еліміздің түрлі аймақтарындағы тұрғындардан коронарлық артерия сырқаттарының біразын көргем. Ал, атыраулықтардағыдай қан тамырларының бітеліп қалғандығын еш кездестіргенім жоқ.

– Қалай ойлайсыз, мұның себебі неде? Экологияның нашарлығынан ба? 

– Менің ойымша, ол экологиядан емес, оның басқа бір себебі бар. Атыраулық қазақтар көбіне етпен қоректенеді және ет болғанда өте майлысын жейді. Біздің рациондарымызда көкөністер мен клетчаткалар аз. Оның үстіне, менің пациенттерім негізінен 50-70 жастағы адамдар. Ол адамдар қара уылдырық пен қызыл балық мол болған уақытта өмір сүргендер. Уылдырық - ол таза холестерин. Оны үнемі қолдану адам ағзасы үшін аса пайдалы емес. Оның үстіне сіздерде тағамдарыңыз тұздылау болып келеді. Мен осыған көпке дейін үйрене алмай келдім. Бұл факторлар менің 20 пациентімнің жартысына жуығының жүрегінің ақаулы екендігін білдіреді. Менің басқа қаладағы әріптестерім менің осыншама науқастарды қайдан алатындығыма таңданады (күледі).

Бұрынғы пациент Қуаныш Бисенәлиевке (мен әңгімелескен кезде ол ауруханадан шығып кеткен екен) дәрігерлер қатаң түрде диета сақтауға кеңес берген: барлығы суға пісірілген болуы керек, майлы болмайды, артық тамақ ішуге тағы болмайды. Қуаныш ағаның зайыбы Лида дәрігерлердің кеңесін сақтауға уәде етті.

- Жақында облыстық әкім-дікте медицина мәселеріне қатысты болған мәжілісте облыстық денсаулық сақтау басқармасының батығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ балалар кардиохирургиясын ашу жөніндегі жоспарларын мәлімдеген еді. Бұл жоспарлар қаншалықты жүзеге асырылмақшы?

- Ол үшін едәуір шығындар керек. Олар жаңа ғимараттар, құрал-жабдықтар, ал, олар ересектерге арналған құралдарға қарағанда мүлдем басқаша. Бастысы - кадрлар мәселесі. Мамандарды дайындау үшін олардың 6-10-шақтысының ғана Литвада немесе Изральде оқығандығы жеткіліксіз. Кем дегенде 5-7 жылдық теория мен тәжірибе керек.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

 

«Коронарлық стенттілеу - қантамырға стент орнату. Қарапайым тілмен айтқанда, стент - қантамырдың бітеліп қалған аумағының арасын ашып, қанның еркін жүрекке жетуін қамту үшін орнатылатын металдан жасалған тор тәрізді зат. Артерияның тарылуы мен тығындалуына әкелетін қантамырында өсіп кеткен кез келген бляшканы ығыстыру үшін стент орнатылып, саңылау кеңейтіледі. Стент басындағы баллон белгілі уақыттан кейін үрленіп, қантамыр қабырғасындағы бляшканы ығыстырады. Ал қантамырдағы саңылаудың кеңуі қан айналымын қалпына келтіреді. Стент орнату ашық хирургиялық түрде жасалмайды. Тек білекте немесе шап маңында кішігірім тілік жасалып, артерияға катетер енгізеді.

 

 

«Аортокоронарлы шунтирлеу  –  ашық жүрекке жасалатын күрделі операциялардың бірі. Жүрек артериясындағы қан айналымын қалыпқа келтіреді. Бұл операция барысында тарылып қалған  қан тамырларының жанынан жүректің қан айналымы жүрмей қалған бөлігіне қанның баруы үшін басқа бір жол ашылады».

26 мамыр 2011, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.