Атырау, 12 желтоқсан 10:32
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Көршілердегі аусылдың салқыны Атырауға да жетті

10 458 просмотра

23-мамырда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында аусыл ауруы тіркелген. Осыған байланысты осы облыстан бізге қарай төрт түлік малдан жасалған өнімдерді әкелуге шектеу қойылған еді. Бұл туралы Атырау қаласының бас мал дәрігері Жайжан БАЯМИРОВА хабарлады.

Ж. Баямированың айтуынша, қаланың қазір мал соятын цехтарында малдың тапшылығы байқалып отыр. Қаладағы сөрелерде негізінен Индер, Құрманғазы және Исатай аудандарынан әкелінген сиыр еттері сатылатын көрінеді. Көрші облысқа аусылдың ауыз салғанын сараптама қорытындылары жіберілген республикалық зертхана орталығы әлі растамаған. Егер расталса, карантин жарияланады, яғни, Батыс Қазақстан облысының аумағынан мал әкелуге толықтай тыйым салады (әзірге ол тыйым Ақжайық ауданына ғана салынған). Ал Атыраудағы еттің қымбаттайтындығы сөзсіз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 мамыр 2011, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.