Атырау, 24 желтоқсан 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Көп күттірген бұйрық

2 934 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚР халқына ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» бұйрығы шықты.

Осы құжатқа сәйкесстационарлар жанынан қымбат тұратын физиотерапиялық кешенді құралдармен жабдықталған кабинеттер ашылмақшы. Кабинеттер ревматизмге шалдыққан сырқаттарға көмек көрсететін болады, оның ішінде буындарға дәрі және гендік-инженериялық биопреператтар салынады. Және бұның бәрі республикалық бюджет есебінен тегін жасалады.   

Әрбір ревматизмге шалдыққан адамтөменде тізімде келтірілгендердің барлығын да алып көреді: физиотерапия, мануальды терапия, ине терапиясы, дәрілік терапия. Соңғы жылдары көп адамның қалтасы көтере бермейтін жоғары технологиялық дәрілер пайда болды. Жаңа бұйрық осы ғажайып преператтардың барлық мұқтаж жандар үшін қол жетімді болуына мүмкіндік береді. Алайда, біздің облысымыздың осы сырқатпен ауыратын тұрғындары ондай кабинеттердің қызметін қашан көретіндігі әзірге белгісіз. Атырауда бар-жоғы екі ревматолог дәрігер - облыстық ауруханада жұмыс жасайтын облыстың штаттан тыс бас ревматологы және №1 емхананың штаттағы ревматолог-дәрігері.

«Басты проблема - кадрлардың жетіспеушілігі. Терапевт-мамандарды арнайы дайындауға жіберу керек.,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық бөлімінің бастығы Күлән АХМЕДОВА. Ол бізде терапевт-дәрігерлердің де жетіспейтіндігін жасырмады. Алайда, бұйрыққа қол қойылды және оны орындау керек. Ол қалай жүзеге асырылады, оны біз міндетті түрде көз қырына алатын боламыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

26 мамыр 2011, 01:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.