Атырау, 9 желтоқсан 22:31
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Биыл жөндеу жұмыстары ерте басталды

3 089 просмотра

Жылу маусымының аяқталғанына бір айдан аса уақыт өтті. Ал көшелерде жылу жүйелері кәсіпорнының техникасы мен бригадалары пайда болған. Жылу беруші қызметкерлер жөндеу көлемін қалай жоспарлап отыр? Біздің сұрақтарымызға «Атырау жылу жүйелері» АҚ президентінің міндетін атқарушы А.Н.ТЕМІРҒАЛИЕВ жауап берді.

- Жылу жүйелері шаруашылығын жоспарлы жөндеуге 15-сәуірден кейін кірісіп кеттік. Биылғы жылы 23,3 км жылу және ыстық сумен қамту құбырларын жөндеуді жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде магистралды және тарату желілерінің үлесі 1,75 км құрайды, қалғандары кварталішілік құбырлар. Минералды мақта мен әйнек пластик арқылы жылуды ұстап тұру ұзаққа бармайды. Сондықтан соңғы кездері пенополиуретан жағу әдісін кеңінен қолданып келеміз. Бұл жылу өткізбейтін жақсы қасиетке ие төзімді материал. Биылғы жылы 30,1 км тұрбаны жөндеу және оның жылу сақтағыштығын қалпына келтіру жоспарлануда. Оның 14 км-іне – пенополиуретан қоспасын жағатын боламыз.

- Осыған байланысты қалада қандай көлік жолдары қай уақытқа жабылатын болады?

- Теміржол вокзалына қарсы «Гелиос» жанар-жағармай маңындағы Сатыбалдиев (Осипенко) көшесінің бойындағы көлік жолының астындағы; асфальт жабыны аршылатын облыстық әкімдік қасындағы; жұқпалы аурулар ауруханасының тұсындағы Владимирский мен Байтұрсынов (Некрасов) көшелеріндегі көлік жолының астындағы тұрба өткелдерін ауыстыру жоспарланды. Әр өткелді ауыстыруға бар болғаны бір күннен уақыт беріліп отыр. Мұндай әрбір жөндеу жұмыстары үшін қалалық әкімдіктің, жол полициясының келісімін аламыз. Сондықтан өткелдердің жөндеу мерзімін қалалық әкімдік хабарлайды.

- Балықшы поселкесін ЖЭО-на қосу жоспарына байланысты қандай дайындық жұмыстары жүргізілуде?

- Бізге бұл туралы әзірге ештеңе белгісіз.

- Өткен қыста апаттар орын алған үйлерді және қазіргі уақытта жертөледегі жылу жүйелеріне жедел жөндеу жүргізілуі керек ПИК-терді атап берсеңіз.

- Мұндай үйлер көптеп саналады. Олардың мекен-жайлары мынау: Абай көшесіндегі №15а, 17, 25 үйлер, Махамбет көшесіндегі №118а, б, в үйлер – «Тоқмамбетова» ЖК; Абай көшесі, 17а – «Абай Арай» ПИК-і; 5-ші ықшам аудандағы №7, 8, 10, 23, 30 үйлер – «Отау» ПИК-і; 5-ші ықшам аудандағы № 27, 32, 33 үйлер – «Ниетова» ЖК; 5-ші ықшам аудандағы №9, 14, 15, 16, 17, 18 үйлер – «Жакишева» ЖК; Огородная көшесіндегі №2а, 8, 36, 50 үйлер – «Игілік Атырау» ПИК-і; СМП-163-ші ықшам аудандағы №3, 11 үйлер – «Олжа» ПИК-і; 2-ші ықшам аудандағы №3, 4, 6, 10 үйлер – «Асыл Атырау» ПИК-і; 2-ші ықшам аудандағы №18 үй – «Авангард» ПИК-і және т.б.

Алайда ПИК-тер қызмет көрсетпейтін үйлер көп алаңдаушылық туғызып отыр. Олар: СМП-163-тегі №1а, 2б үйлер; Дружба көшесіндегі №1, 2, 6 үйлер; Молдағалиев көшесіндегі №28, 30 үйлер; Баймұханов көшесіндегі №33а, 39, 41, 48 үйлер; Абай көшесіндегі №15 үй; Махамбет көшесіндегі №116, 118г үйлер; Лесхоз ықшам ауданындағы №28, 34, 35 үйлер және Ватутин көшесіндегі №11 үй. Өкінішке орай, жыл сайын шаруашылық есебінде жоқ үйлердің саны артып, жылу маусымы кезінде апатқа қатысты проблемалар көбейіп келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

26 мамыр 2011, 01:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.