Атырау, 24 желтоқсан 08:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

17 жасар бойжеткеннің өлімі

2 496 просмотра

Сенбі күні кешкілік Алмагүл мөлтек ауданындағы 16 қабатты үйлердің бірінің жанынан шатырдан құлаған 17 жастағы бойжеткеннің мүрдесі табылған.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша,басты болжам - оның өзіне-өзі қол жұмсағандығы болып отыр, яғни, қаза болған бойжеткеннен өлер алдында жазған хаты табылған. Хатта ол өзінің өліміне ешкімді кінәламауды сұрайды. Келесі күні-ақ, қызының жоғалғандығы туралы өтінішпен Исатай ауданы, Аққыстау поселкесінің тұрғыны хабарласқан. Қызды  ата-аналары таныды. Оның үйден оқиға орын алмастан  екі сағаттай бұрын шығып кеткендігі анықталды. Алмагүл мөлтек ауданында қыздың туысқандары мен таныстарының тұрмайтындығы белгілі болды. Демек, ол өз өлімі үшін биік үйлердің бірін таңдап, секіріп кеткен...

 Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 мамыр 2011, 01:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.