Атырау, 24 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Астана ҰҚКД уақытша ұстау изоляторы жанындағы жарылыстан екі адам көз жұмды

2 744 просмотра

Астана ҰҚКД УҰИ жанында болған жарылыстан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылысты лаңкестік әрекет деп бағалайтын белгілер жоқ көрінеді.

 

«Жедел тергеу тобы оқиға орнынан мем.нөмірі - S 103 ТЕМ, 1991 ж.ш., «Ауди-100» маркалы,  қызыл түсті автокөлік; еуропа нәсілді екі бейтаныс жігіттің мәйітін, Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұратын Қырғызстан Республикасының тумасы, 20.12.1962 жылы туылған Кельплер Дмитрий Юрийевичтің атына берілген жүргізуші куәлігі мен аңшылық билетін; Екібастұз қаласында тұратын, қылмыстық жолмен келген мүліктерді сатып алу және сатумен айналысқаны үшін, сондай-ақ қарақшылық үшін, екі рет алаяқтық үшін сотталған 08.02.1985 жылы туылған ҚР азаматы Черемухин Иван Александровичтің төлқұжатын, сонымен қатар сынған «Сони-Эриксон» маркалы ұялы телефонды тапқан»,- деп жазылған хабарламада.

 

Баспасөз хабарламасында көрсетілгедей, алдын ала болжам бойынша, тегі анықталмаған азаматтардың қаза табуына жарақаттаушы салмасы (болт, шеге, бұранда және т.б.) жоқ қапталмаған жарылғыш затты өздігінен жару әрекеті себеп болған.

Ал, бүгін оқиға орнына барған тілшіміз жарылыс толқынынан  таяу маңдағы үйлердің  терезесі сынған,  деп хабарлайды. Оның хабарлауынша, жарылыс түнгі сағат 4.20-да болған. Жарылыс толқынынан таяу маңдағы Шынтас көшесіндегі үйлердің терезесі сынып, біреуінің қабырғасы жарылған. Автомобиль бөлшектері 60 м жерге дейін ұшып кеткен.

 

Сонымен қатар, тілшінің айтуынша,  жақын маңдағы үйдің тұрғындары оқиғаны ұялы телефонның камерасына жазып алыпты. Олардың айтуынша, адамның бөлшектелген денелері сол аумақта  шашылып жатқан. Таңертеңгі  сағат 8.00 адамдар келіп, алаңды  қаннан тазалаған.

www.baq.kz

24 мамыр 2011, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.