Атырау, 24 желтоқсан 08:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Куәгерлердің айтуынша жарылыс құрбандары оқиға алдында дауыстап дұға оқыған

2 541 просмотра

Астана ҰҚКД ғимаратына жақын жерде өртке оранып, жарылған автокөлікте қаза болғандар осы оқиға алдында дауыстап дұға оқыған көрінеді. Бұл жөнінде тілшімізге сол жерге жақын үйлердің тұрғындары айтқан.

 

«Жарылыс шамамен 3.30-да болды. Ал, одан жарты сағат бұрын көлік иелері далада дауыстап араб тілінде дұға оқыды. Оны біраз адам естіді», - дейді оқиғаға куә болғандардың бірі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін сағат 3-тен 37 минут кеткенде Астана қаласы ІІД жедел басқару орталығына Шыңтас тұйық көшесінің №6 үйіне жақын жердегі алаңқайда жарылыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнынан «Ауди-100» маркалы автокөлік, еуропалық нәсілді екі ер адамның мәйіті табылған.

Құқық қорғау органдары бұны лаңкестік әрекет деп бағалауға әзірше негіз жоқ деп отыр.

Жарылыс фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

www.baq.kz

24 мамыр 2011, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.