Атырау, 24 желтоқсан 08:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Менің сүйікті ертегім

16 028 просмотра

«Менің сүйікті ертегім» айдары бойынша білімпаз жас достарымызды төмендегі викториналық сауалдарға жауап беруге шақырамыз. Жаңа айдардың осы жолғы қонағы – «Алдар көсе». Жауап газеттің келесі санына дейін қабылданады (яғни, сейсенбі күні кешкі сағат 18.00-ге дейін, редакция мекен-жайы: Жарбосынов көшесі, 5 үй). Ең бірінші болып дұрыс жауап берген оқырманымыз, айдардың келесі сауалын дайындау құқығына ие болады.

1. Алдар көсе қандай мағына береді?

2. Алдар өз қулығымен кімдерді алдады?

3. «Жұмыртқадан жүн алатын» , «Өзі тойса да, көзі тоймайтын» деген сөздер кімге арналған?

4. Алдар жақсы көрген қыз кім?

5. «Алдар көсе» пьесасының авторын білесің бе?

6. «Алдар көсе» фильмін түсірген режиссердің аты-жөнін ата.

7. «Мен Алдармын, Алдармын, сақалымды талдармын...» деген өлең жолын жалғастыр.

Іске сәт, достар!

20 мамыр 2011, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.