Атырау, 25 желтоқсан 06:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Өлім құштырған серуен

2 510 просмотра

Жексенбілік жастардың табиғат аясындағы серуені кезінде жасөспірім суға кетіп қалды.

Бізге ТЖ департаментінде хабарлағандай, 15 мамыр күні қалалық мектеп оқушыларының бір тобы Алмалы селосының ауданына демалуға шыққан. Көргендердің айтуынша, жасөспі-рімдердің бірі суға қолын жумақшы болған кезде, аяқ астындағы жағалау омырылып түсіп, бозбала суға құлаған. Түнге қарай оның денесін судан құтқару қызметінің қызметкерлері судан шығарып алды. Бұдан басқа, қала маңындағы Ракуша селосына жақын жерден 8 мамыр күні Жеңіс саябағы жағалауында суға кеткен тағы бір жасөспірімнің денесі табылған. Сол күні өзен түбіне қағылған қазықтардың үстімен үш бала секіріп ойнаған. Олардың екеуі құлап, суға батып кеткен.

Лев ГУЗИКОВ

19 мамыр 2011, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.