Атырау, 14 қараша 06:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Университетті тексерген комиссия не деп кетті?

3 871 просмотра

Жуырда Атырау мемлекеттік университетін ҚР білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған комиссия келіп тексеріп қайтты. Нәтижесінде 6 мамандықтың тағдыры  6 айдан соң шешілетін болып отыр.

17 адамнан құралған комиссияға жетекшілік еткен  министрліктің жанындағы Білім және Ғылым саласын бақылау комитетінің бас сарапшысы, т.ғ.к.  Гүлнар ЕРМАНОВА. Бір қызығы оның жұмысы жайлы қанша білуге тырысқанымызбен комиссия төрайымы ерекше сақтық танытты. Министрліктің баспасөз орталығы да мардымды жауап берген жоқ. 

Университет ректоры Алтай ҚАЗМАҒАМБЕТОВТІҢредакцияға жолдаған жауабына сүйенсек бұл аса бір дүрлігерлік мәселе емес, әдететгідей 5 жылда бір өтуі тиісті  жоспарлы мемлекеттік аттестация. Яғни комиссия мүшелері алдымен бітіруші курс студенттерінің білімін тексеру мақсатында тиесілі тестілеуден өткізді. Олар  жалпы кадр әлеуеті, оқу үрдісі, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық байланыс, тәрбие, шаруашылық жұмыстары, студенттер контингенті, кітапхана, жаңа ақпараттық технологиялар орталығы бойынша бөлініп жан-жақты тексеріс жүргізді. Тексеру барысында университеттен табылған кемшіліктерді жоюға алты ай уақыт беріліп отыр. Осыған байланысты университет алты айдан кейін кері аттестацияланбақ.

Алайда  бейресми дерек көздері  тестілік бақылау қорытындысына сай «Психология», «Туризм», «Дене шынықтыру және спорт», «Актерлік өнер», «Журналистика» және «Дәстүрлі музыка өнері» мамандықтары студенттерінің  аттестациялаудан өте алмай қалғанын айтады.

- Комиссияның тапқан кемішілігінің бірі – туризм мамандықтары бойынша дәріс алып жатқан студенттер халықаралық тәжірибеден өтпеді деген талап қойылып отыр. Дегенмен іс жүзінде бұл факультет студенттері Измир қаласында тәжірибеден өтіп келген болатын. Диплом алуларына санаулы  уақыт қалған балалардың мамандықтарын жабамыз деуі ақылға сыймайды. Университеттің оқу-тәрбие барысындағы жақсы жеткістіктері ескерілмеді, - деп хабарлайды аты жөнін айтқысы келмеген университет оқытушыларының бірі .

Өкінішке орай, тексерушілерлдің университеттен қандай нақты кемшіліктер тапқаны да редакциямызға келген ресми жауапта көрсетілмеген. Дегенмен, ерекше құпия жағдайда өткен бұл комиссияның шешімінің артында сандаған мамандар тағдыры тұр. Олардың дені, - ақылы жүйемен бітіретіндер. Тіпті  мамандықтардағы оқу сапасы тексеруші көңілінен шықпаса да, бірнеше жыл бойы маңдай терлерімен тапқандарын  баласының оқуына жұмсаған ата-ана қайтпек?

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

19 мамыр 2011, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.