Атырау, 24 желтоқсан 08:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырау кеденінде әзірге өзгеріс жоқ

2 776 просмотра

Еліміздің кедендік органдарында үлкен өзгерістер орын  алуда. Үш облыстың кедендік бақылау департаменттері қайта құрылды, бірақ, Атырау облысында өзгерістер бола қойған  жоқ

Кедендік одақ күшіне енгеннен кейін ендігі жерде Атырау және Маңғыстау облыстарының кедендік департаменттері біріктіріледі деген әңгімелер өрбіген еді. Алайда, біздің аймақта бәрі де бұрынғысынша, ал, орталықтарда айтарлықтай өзгерістер орын алуда.  Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 2011 жылғы 29 сәуірдегі №461-ші үкімет қаулысымен Астана қалалық кедендік бақылау департаменті, Ақмола облыстық кедендік бақылау департаменті және «Астана-жаңа қала» кедені қосылу арқылы Астана және Ақмола облысы бойынша кедендік бақылау департаменті болып қайта құрылды. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бір департаментке біріктірілді. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының да кедендік департаментерінде біріктіру қолға алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2011, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.