Атырау, 5 қараша 05:14
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Мектеп бітіру кешінің машақаты

14 966 просмотра

Қазір киім тігетін ательежұмысының қызған шағы. Мектеп бітіруші бойжеткендер соңғы сабақ пен ҰБТ-ға дайындық арасында өздерінің мектеп бітіру кешіне арналған   көйлектеріне тапсырыс беріп әуре.  Мата мен түрлі фурнитуралар сататын дүкендерде де клиенттерден аяқ сүрінеді. Бойжеткендер аналарымен бірге жүріп, өз өмірлеріндегі алғашқы бал кешіне киетін керемет,  сәнді көйлектеріне мата таңдауда. Айта кету керек, мұның бәрі көңіл сүйсіндіретін машақат болғанымен, айтарлықтай шығынға соқтыратыны жасырын емес.  

ХАНШАЙЫМДАЙ БОЛҒЫЛАРЫ КЕЛЕДІ

Жеке ательенің модельері Қымбат БАЙҒАРИНАНЫҢ айтуынша, атыраулық мектеп бітіруші арулар саттықтағы және прокаттағы кешкі көйлектердің көптігіне қарамастан, жеке тігіншілерге немесе ательелерге тапсырыс беруді жөн санайды.

- Олардың бұл әрекеті түсінікті де, өйткені  бойжеткен сол күні кеште ешкімге ұқсамайтын елден ерекше болуды қалайды. Ал, базардан немесе дүкеннен сатып алынған көйлекті ол өзінің сыныптас құрбысының үстінен көріп қалуы ғажап емес қой,-дейді Қымбат. –Жеке тіктірген көйлек- эксклюзив болып табылады. Және оның құйып құйғандай жарасатындығына кепілдік бар.

Жергілікті мектеп бітіруші бойжеткендердің қалауына келетін болсақ, көшбасында төменгі жағы сәнді болып, төгіліп тұратын маталардан тігілген ұзын көйлектер.

 - Бұл кеште әрбір бойжеткен өзін нағыз ханшайымдай  сезінгісі келеді,- деп түсіндіреді Қымбат, сондықтан да белдемше астына салынып, көтеріп тұратын желектерді олар қаламайды. Дегенмен, қазір көптеген қыздар өздеріне жат емес коктейль түсті көйлектерге тапсырыс береді, өйткені, ол көйлектерді олар тағы да бір кештерде кие алады. Алайда, бұл жерде тағы да ұзын көйлектер нұсқасы басым болып тұр. Мектеп вальсін қысқа көйлектермен  немесе әлдебір ерекше сән көйлектерімен билеуді қалайтын тапсырыс беруші арулар аз.

Бағаларына тоқталсақ: үйден тігетін тігіншіден көйлек тіктіру 8000 теңгеге шығады, ательеге тапсырысқа берсеңіз жұмысының қиындығына қарай 10 000 теңгеден басталады. Өзіңіз қалаған көйлегіңіздің дизайнын жасау, оны тігу құнымен бірге есептегенде- 25 000 теңгеден бсталады. Бүгінгі күні қыздар бисермен, моншақ әшекеймен және страз тастармен көмкерілген көйлектерге көп мән береді.

- Көйлектің өзін пішіп, тігу қиын емес, ал, осындай қосымша әшекейлермен сәндеу оны басқа көйлектерден ерекшелендіріп тұрады,-дейді Қымбат. – Айтпақшы, биылғы жылы шілтерлер сәнде және ол мектеп бітірушілер кешінде киетін көйлектерге де өз ізін қалдыруда. Бұл әшекейдің бағасы ұшынып тұр, алайда, мен сіздерге кішкене құпияны ашайын,  көптеген қыздар оның жолын да тауып алыпты, әдемі шілтерді көп шығын жұмсамастан тюльдің қиындыларынан алуға болады. Бүгінде базарларда терезе жабындарының әдемі деген түрлері мен түстері бар. Ал, егер осындай шілтерлі элементті страз және інжу тастармен сәндесе, оның тюльден қиылып алғандығын ешкімді де аңғармай қалады. Ал, енді қолынан тігу келетіндер піштіріп алып (шамамен 2000 теңгеге), көйлектерін өздері тігіп алуына болады.      

АТЛАС ЖІБЕКТЕЙ БОЛМАЙДЫ

Мата сатуға маманданған дүкендер кешкі сәнді көйлектер үшін материалдарды көктемнің басында-ақ әкеліп қойды. Мектеп бітіру кешіне алдын-ала қамданғандар ертерек қимылдайды. Бірақ, сатушылардың айтуынша, негізгі лек осы мамыр айында болады екен. Ұсынылатын маталардың түрі көп – жібек, атлас, шифон, шілтерлі кенеп мата, тафта, органза және гипюр.

-Мата таңдағанда қыздар өздерінің қандай көйлек тіктіртетіндерін білуі керек. Біздер олардан көйлек қандай болады – денеге жабысқан, сәнді  немесе жұмсақ та төгіліп тұратын ба,-деп сұраймыз. Содан кейін ғана нұсқаларды таңдаймыз,-дейді дүкендердің бірінің дүкеншісі Айгүл МУСИНА. – Көп жылдардан бері маталардың ішінде атлас басым болып келеді. Бойжеткендер көбіне жібекке қарай назар аударады, алайда олардың бағасы ұшынып тұр, бір метрі- 5000 теңге, оның үстіне ол мата кірпияз болып табылады, кез-келген тігінші оны алып тігуден тартынады. Атластың басқа маталармен салыстырғанда бірнеше ұтымды жақтары бар. Біріншіден, бұл қолжетімді нұсқа- метрі 500-700 теңге. Екіншіден, материалдың өзінің жұмсақ та төгіліп тұратын фактурасы бар. Үшіншіден, түстерінің үйлесімді гаммасы бар- нәзік жайлы түстерден, қанық түстерге бай.   

БАҒА МӘСЕЛЕСІ

Әкелер мен аналарға қыздарының керек-жарағы қымбатқа түседі: кешке киетін көйлек – 15000-30000 теңге, туфли –  5000 теңгеден басталады, клатч немесе кешке ұстайтын сөмке –  3000 теңгеден жоғары, шаштаразға бару – 5000 теңгеден басталады, нәтижесінде  – 28000-43000 теңге. Бозбалалар жағы болса, мектеп бітіру кешіне дайын костюмді сатып алумен шектеледі, олардың бағасы да төмен емес: костюм –  15000 теңгеден басталады, жейде –  3000 теңгеден жоғары, галстук 1500 теңге, туфли – 6000 теңге, нәтижесінде – 25500 теңге. Мектеп бітіру кешіне кететін шығындардың нақты сомасын шығару үшін, оған кеш болатын мейрамхана шығындары мен ұстаздарға берілетін сыйлықтар мен гүлдер, бейнеоператор мен фотограф қызметін жалдау шығынын қоса есептегенде, орташа есеппен тағы да қосымша - 25000-30000 теңге керек болады. Дегенмен, көптеген мектептерде мектеп бітіру кешіне ата-аналар оқу жылының басынан-ақ бөліп-бөліп жинай бастайды, бұл көптеген отбасылар үшін қаржылық қиындықтар туғызады. Бір жағынан алып қарағанда, бұл өмірде бір-ақ рет болатын мектеп бітіру кеші ғой...

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

19 мамыр 2011, 02:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.