Атырау, 25 желтоқсан 06:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Пойыздың астына түсіп қалды

2 301 просмотра

12-мамыр күні «Атырау» стансасында 33 жастағы әйел адам «Атырау-Мақат» жүк пойызының астына түсіп қалған. Ол облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.

«Әзірге істің мән-жайы анық емес. Зардап шегуші «екі аяғы ашық түрде бірнеше жерден сынған» деген диагнозбен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсті» - дейді ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Самал АБИРОВА. Тергеу ісімен ішкі істер департаментінің желілік көлік бөлімі айналысуда. Желілік ішкі істер бөлімінің бастығы Бауыржан АХМЕДОВТЫҢ айтуынша, зардап шегуші әйел - Өзбекстан азаматшасы екен.

Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады дегендей, осы әйелге көмек көрсету кезінде жедел жәрдемнің жас қызметкері де зардап шеккен. «Медиктер жапа шегушіні теміржол бойымен зембілмен әкеле жатқан. Вагон арасымен өтер кезде біздің қызметкеріміз пойыздың металл конструкциясына абайсызда басын соғып алған, - дейді жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Мақсот ЕСЕЕВ. - Қызметкер миы шайқалған деген диагнозбен нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа дәрежеде ауыр деп бағалап отыр».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2011, 02:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.