Атырау, 5 қазан 12:16
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Егілген малды бірден союға болмайды

10 852 просмотра

Малға салынатын вакциналар ауру малдың қанынан алынған токсиндер мен антителадан дайындалады. Сондықтан да жақында егілген малдың етін жеу зиянды болып табылады.

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі қарсаңында малға аусыл мен эмфизематозды карбункул екпесін салуға тыйым салынып отыр. Бұл аурудың таралуы шалғай жерлерден де жетеді. Мұндай жағдайларда ауру малдарды түгел отарымен өртеп жібереді. Өткен жылы дәл осылай аусыл Қызылқоға ауданының Сағыз селосында өршіген еді. Алайда, ірі қара мал төлдеріне салатын эмфиземотозды карбункул вакцинасы селолық мал дәрігерінің әрқайсысында бар. Нұсқама бойынша оларды фермердің қалауымен қолданады. Фермерге әрине, бастысы өзінің малының басын сақтау.

Бұрын бруцеллезге қарсы кең түрде қолданылып келген «Штамм-19» вакцинасы да енді егілмейтін болды. Бірақ, бруцеллезбен ауырған малдың көзі құртылмайды. Ондай етті базарда сатуға тыйым салынғанымен, оларды пісіру үшін жағдай жасалған қоғамдық орындарда қолдануға рұқсат етіледі.    

Қаланың бас мал дәрігері Асылбек ӘБІЛҒАЗИЕВТІҢайтуынша, үстіміздегі жылдың 4 айының қорытындысы бойынша облыс орталығының селолық округтарында бірде-бір малға эмфиземотозды карбункул  вакцинасы егілмеген. Сібір ойық жарасына қарсы 5 мың сиыр, 3,5 қой мен ешкі, 200 жылқы, 200 шошқа және 250 түйе егілген. 3 мың сиырға және 140 түйеге туберкулин салынған.

А.Әбілғазиев егілгеніне екі аптадай уақыт өтпеген малдың етін қолданудың қауіпті екендігін жасырмайды. Сол кезеңде мал енгізілген жұқпаға қарсы иммунитетті қалыптастыру барысында ауырады, сондықтан да ондай малдың еті босаң, ботқа тәрізді болады. А.Әбілғазиевтің айтуынша, қала базарларына егілген малдың еті жіберілмеуі үшін қаланың мал сою цехтарында үнемі тексеру жүргізіліп тұрады екен.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 мамыр 2011, 02:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.