Атырау, 2 желтоқсан 02:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

«Жедел жәрдемге» де жәрдем керек

3 423 просмотра

Енді жергілікті емдеу мекемелері бас дәрігерлерінің  жұмысын пациенттердің шағымдары бойынша бағалайтын болады. Мұндай мәлімдемені халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға арналып өткізіліген мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ жасады.

Жаңа клиникалардың құрылысына капиталдың салынуы және қымбат тұратын құрал-жабдықтардың сатып алынуына қарамастан отандық медицина әлі де қалтыраған күй кешуді жалғастыруда. Атыраулық БАҚ-тар беттері және облыс әкімінің блогы жергілікті медицина қызметкерлерінің біліксіздігі және арсыздықтары туралы жазылған хабарламаларға бай. Облыс әкімінің орынбасары мәжіліс басында жергілікті денсаулық сақтау мекемелеріндегі жағдайды ашық түрде нашар деп атады. Облыс әкімінің блогына келіп түскен 50 шағымның жартысы негізді деп танылды. Адамдар бірінші кезекте медициналық қызметтің сапасының төмендігіне және дәрігерлердің дөрекілігіне шағымданды. Көпшілігі жедел жәрдем стансасының жұмысын сынға алды.

- Біз неге осы мәселелерге орай  жиі бас қосуымыз керек? Медицина мекемелерінің басшылары әрбір шағымға өздері жауап берсін. Шағымның орын алғандығы дәлелденді ме, онда бас дәрігерді жұмыстан шығару керек?-деді облыс әкімінің орынбасары мәжіліс соңында. «Мен дұрыс айтып отырмын ба?!»,-деді ол жиналған бас дәрігерлерге қарап. Олар болса, бәрі бір ауыздан құптағандай бастарын изеді. Және мәжіліс залынан шыға бере олар шағымсыз бәрібір жұмыс істеу мүмкін емес деп наразылық білдіре бастады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ өзінің қарауындағылардың бірнеше жағдайларда қателіктер жібергендігін жоққа шығара қойған жоқ. Оның ішінде медициналық этиканы бұзғандар да бар. Алайда, орын алған жайсыз жайттарды жою жөніндегі жұмыстардың жүргізіліп және одан қорытынды шығарылып жатқандығына сендірді. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанындағы бала өлімінің көрсеткіші өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда екі есеге дейін төмендеген: бұрын 31 болса, ол 16 жағдайға дейін азайған. 3 бала Атырауда үйден механикалық асфикция нәтижесінде көз жұмса, қалғаны- аудан орталықтарынан шалғай жатқан селолық учаскелерде, Қызылқоға, Құрманғазы және Исатай аудандарында өткір респираторлық инфекция және қабыну салдарынан қайтыс болған. М.Өтепқалиев проблемалардың ішінен перинатальды орталықтың жоқтығын және кадрлардың жетіспеушілігін (283 дәрігер жетіспейді), облыстық балалар ауруханасына жалғама құрылыстың қажеттілігі мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын атап өтті.

«Жедел жәрдем» стансасына қатысты ол стансаның бар-жоғы 35% дәрігермен қамтылғанын, ал, шақыртулар санының   16% өскендігін хабарлады. Еңбекақының аздығына байланысты дәрігерлер жедел-жәрдем стансасында жұмыс істеуден қашады. Көліктің және жылжымалы бригаданың жетіспеушілігі салдарынан шақыртуларға кешігіп бару 4,9% құрап отыр.

…Ақпан айында таңмен өт жолы ауруының ұстамасы салдарынан ауырған оқырманымыздың редакцияға шалған телефон қоңырауы еске оралды. Таңертеңгі сағат 8-де шақырылыған «жедел жәрдем» 2,5 сағаттан кейін келген, келген уақытта ұстамасы тарап та кеткен. Дәрігер шақыртулардың көп екендігіне және машинаның жетіспейтіндігін айтып, ақталған. Және тағы да жалақыларының кешіктіріліп берілуінен дәрігерлердің жеке клиникаларда кезекші дәрігер қызметін атқаруға мәжбүр екендерін де айтқан. Облыс әкімінің блогына түскен осындай фактілерді Б.Дәукенов те келтіре кетті. «Жедел жәрдем» стансасының жаңа бас дәрігері бұған қатысты еш нәрсе айта алмады, ал, М.Өтепқалиев өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 4 автомашинаның алынғандығын, ал биылғы жылы тағы да 7 көліктің алынатындығын хабарлады. Тендер өткізіліп кеткен.

Өтепқалиев атыраулық кардиохирургия мәселелерін де қозғап өтті. Оның біраз алға жылжып жатқандығына қарамастан, балалар кардиохирургиясын дамыту туралы мәселе шешілмей келеді. Ол үшін оған жеке ғимарат салынуы тиіс. Таяудағы жоспарлар бойынша облыстық кардиохирургияны КМК мәртебесінен айырып, оған шаруашылық іс жүргізу құқығын беру көзделіп отыр. Осы жылдың аяғына дейін еркін экономикалық басқару түріне тағы да 7 емдеу мекемесі көшті, оның ішінде облыстық тері-неврологиялық диспансері және барынша ірі болып есептелетін №1 және 2 емханалар бар.

Атырауда диагностикалық орталық құру жөніндегі мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Облыстық әкімдікте осындай орталықтың болмауы салдарынан адамдар тексеруден өтуге Астрахан, Алматы және басқа да қалаларға барып жатыр деген әңгімелер айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан әлі күнге дейін орталықтың құрылысы туралы ұсыныстың неліктен түспей отырғандығына жауап талап етті. М.Өтепқалиев ұсыныстың жасақталып жатқандығын айтты.

Тағы бір өзекті мәселе – ол бүгінгі күні жергілікті  бюджеттен бөлініп жатқан едәуір қаржыларға сатып алынатын қымбат тұратын құрал-жабдықтарда кімдердің жұмыс істейтіндігі болды. Жаңа компьютерлік  томография аппаратында жұмыс істейтін мамандар М.Өтепқалиевтің айтуынша бар екен. Жергілікті кадрларды магнитті-резонансты томограф жұмысына  тендер шарты бойынша жеткізіп берушілер оқытуға тиісті.

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

19 мамыр 2011, 02:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.