Атырау, 7 қазан 10:43
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Индустрияландыру картасы-кәсіпкерлер үшін игілік көзі

3 462 просмотра

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасында үстіміздегі жылы облысты индустрияландыру картасына енетін инвестициялық жобалардың тізімін хабарлады.

Осы жобалардың бірде-біреуі бюджеттен қаржыландырылмайды, - деп түсіндірді өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасындағылар. Егер жоба индустрияландыру картасына енген болса, жобаны жүзеге асыру үшін банктік несие алу кезінде кәсіпкерде кепілдік мүлігі жеткіліксіз болған жағдайда мемлекет кепіл ретінде шыға алады. Бұдан басқа, мемлекет банк талап ететін пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің жарты құнын субсидиялауды өз мойнына алады. Индустрияландыру картасын жүзеге асыру Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің үнемі бақылауында болады. Ал облыстық әкімдікте үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Егер, мәселен, кәсіпкерде өз цехына жол салуда немесе инженерлік коммуникацияларды жүргізуде қиындықтар туындаса, онда үйлестіру кеңесі қол ұшын береді. Міне, осылайша облыстың индустрияландыру картасына енуді кәсіпкер үшін сәттілік деп атауға болады.     

Индустрияландыру картасына енгізілген алғашқы нысан - «ШевронМунайГаз Инк» компаниясының құны 2,4 млрд. теңге болатын металл-пластик тұрбаларын өндіру зауыты биылғы жылдың ақпанында пайдалануға берілген. Бірінші жартыжылдықта «Новус Силинг Каспиан» ЖШС-нің құны 200 млн. теңге және қуаттылығы жылына 2 млн. төсем болатын мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына арналған нығыздағыш төсемдер шығару цехының; «Флоусерв» ЖШС-нің сорғылау жабдықтарын жөндейтін құны 2,5 млрд. теңге және қуаттылығы жылына 20 сорғы болатын сервистік орталықтың; «Қарашүңгіл» ЖШС-нің тік резервуарларын шығаратын құны 250 млн. теңге және қуаттылығы жылына 4 резервуар болатын цехтың құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Екінші жартыжылдықта келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда: құны 320 млн. теңге және қуаттылығы 250 млн. шприц болатын «Брандо» ЖШС-нің бір мәрте пайдаланатын шприцтер шығаратын зауытын кеңейту; бір мәрте пайдаланатын қолғаптар және инфузионды ерітінділерді құюға арналған системалар шығаратын құны 1,45 млрд. теңге және қуаттылығы жылына 200 млн. жұп қолғап пен 30 млн. система шығаратын зауыт; «Жайық Агро» КМК-ның құны 1,5 млрд. теңге және қуаттылығы 5188 тонна болатын жылыжайы мен көкөніс қоймасының екінші кезегі; құны 400 млн. теңге және қуаттылығы 5330 тонна болатын «Орда» ЖШС-нің көкөніс қоймасы;  құны 100 млн. теңге және жылына қуаттылығы 10 мың дана түрлі атаудағы құрал-саймандар болатын «Қарашүңгіл» ЖШС-нің құрылыс құрал-саймандарын шығаратын цехы; құны 170 млн. теңге болатын «Қарашүңгіл» ЖШС-нің трейлер шығаратын цехы; «Тұз» ЖШС-нің құны 450 млн. теңге және қуаттылығы жылына 30 мың тонна болатын сода өндіру зауыты.

Индустрияландыру картасына енуге үміткерлер ретінде облысымызда мынадай жобалар қарастырылуда: «Скема» ЖШС-нің электр қалқандарын жинау цехы; «Жұмағалиев» ЖК-нің жылыжай кешені; «Спик-А» ЖШС-нің макарон цехы; «Ақжонас» ЖШС-нің қой өсіретін асыл тұқымды мал шаруашылығы; «Аманбаев» шаруа қожалығы; «Бисенов» шаруа қожалығы; «Агропромтехника» ЖШС-нің көкөніс қоймасы; «Каспийфиш» балық зауыты; «Досжан и К» ЖШС-нің ДСП шығаратын цехы; «ПолиПак» ЖШС-нің ыдыс-қап және шпагат шығаратын цехы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 мамыр 2011, 02:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.