Атырау, 25 желтоқсан 05:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Қысқа қайырғанда...

2 182 просмотра

Мақат ауданының прокуратурасы Қарабатан аумағындағы еңбек құқықтарының сақталуына қатысты мониторинг жүргізді. Аудандық прокурор Жұбан Қадыровтың айтуынша, «Бейтман Казахстан Ойл Газ Компани Б.В.» компаниясында 2010 жылдың маусым айынан 2011 жылдың наурыз айына дейін 35 млн. теңгеден жоғары мөлшердегі зейнетақы және әлеуметтік жарналар, сондай-ақ, 141 жұмысшының жалақылары  төленбегендігі анықталған. Өздерінің атына жолданған ұйғарымнан кейін компания заң бұзушылықтарды жойды.

 

10 мамыр күні түнде Бейқадар ауылында бақытсыз жағдай орын алды. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, өз үйінде 24 жастағы жігіт оққа ұшып өлді. Полицейлерге марқұм болған жігіттің туысқандарының айтуынша, мылтық кездейсоқ, патрон салып жатқан кезде атылған. 12 калибрлі қару сол жігіттің атына тіркелген екен.

 

ІІД мен ҰҚКД бірлесе отырып «Нелегал» операциясын жүргізді. Мобильдік топтар жолаушылар тасымалдайтын, жеңіл және жүк көліктерін тексерді, Шекара маңындағы елді-мекендерге рейдтер жүргізді. ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, рейд нәтижесінде елден 210 адам шығарылды, 44 адам қабылдау-орналастыру қосынына жіберілді. Әкімшілік жауапкершілікке 182 жұмыс беруші тартылды. Іздестірілуде жүрген бес адам қолға түсті. ТМД азаматтары заңсыз жұмыс жасаған бірнеше шағын наубайханалар анықталды. 

 

16-мамырда Миялы поселкесінде бір жарым жастағы баланың үстіне теледидар құлап кеткен.ІІД баспасөз қызметінің хабарлағандай, баланы балалар аураханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Оның жағдайы ауыр күйде.

19 мамыр 2011, 01:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.