Атырау, 12 қараша 19:15
 дождьВ Атырау +4.9
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Жарықтың өшуі құлсарылықтардың ашуын туғызды

34 рет қаралды

Кеше, яғни 11 қараша күні Ақтаудан шыққан алып жүк Жылыой ауданы Құлсары қаласынан өтіп, тұрғындар 10 сағат жарықсыз қалды. Бұл жергілікті тұрғындардың ашу-ызасына тиді. Өйткені үйлері салқындаған құлсарылықтар не істерге білмеді.

Айта кету керек, "Атырау-Жарық" ЖШС-нің  Жылыой аудандық электр жүйесі уақытша жарықтың ажыратылатыны жөнінде алдын-ала хабарлаған болатын. 

- Дәл уақытында жарық берілген жоқ, сәл кешікті. Он сағат жылусыз отыру қандай қиын. Үйде сырқат адамдарымыз бар. Перзентханадан жаңа шыққан сәбиге, оттегі аппаратына тәуелді науқастарға обал болды. Айналма жол салсын, сонда ғана мәселе шешіледі. Алдымыз қыс соны ұмытпасын, - дейді құлсарылықтар. 

Айта кету керек, алып жүк Құлсарыдан бірнеше рет өткен болатын. 

- Қазір Саренс мекемесі тарапынан Селлена жобасына үлкен көлемде жабдықтар жеткізілуде. Осыған байланысты электр энергиясын уақытша ажырату биылғы жылға соңғы рет жүргізілктіні жөнінде және алдағыз уақытта электр энергиясын өшіруге жол берілмейтіні жөнінде ресми хат жолданды, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Нұрланов. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.