Атырау, 25 желтоқсан 18:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Пайдаға асырмасаң - мемлекетке қайтар

2 632 просмотра

Облыстық әкімдікте міндетіне салақ қарайтын жер қолданушылар- фермерлер мен құрылыс салушылардан жерлерді алу жөніндегі жұмысты жеделдету талап етілді.

Облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы  Рысқали СИСАТОВТЫҢ айтуынша, ауылшаруашылығында қолданылып отырған жер алаңы 2,1 млн. гектарды құрайды. Қолданылмай отырған алаңдарды қоса есептегенде бұл 7,5 млн. гектарға дейін жетіп отыр. Суарылатын жерлердің көп бөлігі-облыс бойынша шамамен 100 гектардай жерлер суару жүйесінің бұзылуы салдарынан қолданылмайды.

Өткен жылы жер комитеті фермерлер қолданбай отырған жерлерді мемлекеттік қорға қайтару бойынша жұмыстар атқарды. 63 жер үлестері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осы жылдың басындағы жүргізілген есеп бойынша, облыста жеке құрылыс үшін берілген 6076 қолданылмай отырған жер бар. Құрылыс салушыларға жерді мемлекетке қайтару мүмкіндігі туралы ескертілді. Олардың 4237-де қозғалыс пайда болды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ айтуынша, мемлекеттік қорға жерді қайтару жұмыстарын күшейту керек. Кейбір тұрғындар жерді оны кейін сату мақсатымен алады. Және жер үлесін өз меншігінде қалдыру үшін түрлі айла-амалдарға барады. Әзірге жер учаскелерінің бағасы дағдарысқа дейінгі деңгей- 10 «сотық» үшін 40-50 мың долларға жете қойған жоқ. Көбіне олар жерді өз туысқандарына сыйға тартады, бұл әрекет тағы да 2 жылдай мерзімге созуға мүмкіндік береді. Атырау қаласы бойынша жеке құрылыс үшін жер алуға арыз берген 30 мыңнан аса азаматтардың өтініші  қанағаттанбай қалып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 мамыр 2011, 19:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.