Атырау, 13 қазан 11:54
 дождьВ Атырау +15.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

735 тонна жүкті тасымалдау үшін Құлсарының бір бөлігі он сағатқа жарықсыз қалады

71 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

13 қазанда Құлсары арқылы салмағы ауыр үш жүк тасымалданады, олардың ең ірісінің салмағы 735 тоннаны құрайды. Автокеруен өту үшін қаланың бірнеше ықшамауданында электр қуаты уақытша өшіріледі.

Ең массивті жүктің өлшемдері таңғалдырады: ұзындығы 60 метр, ені 12,5 метр. Тасымалданатын тағы екі нысанның салмағы 274 және 183 тонна.

«Атырау Жарық» ЖШС ақпараты бойынша, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Л-71Д, Л-75Ц желілері мен «Құрсай» қосалқы станциясының желілері толығымен өшіріледі.

Бұл ретте ұсынылған ақпаратта нақты қай көшелер мен ықшамаудандарда жарық өшірілетіні көрсетілмеген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.