Атырау, 25 желтоқсан 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Асфальтсыз алты көше ғана қалмақ»

4 022 просмотра

Атырау облысындағы көлік жолдарын жөндеуге 2011 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд-тан астам теңге бөлінді. Осы қаржыға облыстық және аудандық маңыздағы 97 км жолды күрделі жөндеу жоспарланған.

Облыстық әкімдіктегі кеңесте облыстық көлік жолдары басқармасының бастығы Ахмед АХМЕДОВ хабарлағандай, ұзындығы 51 км болатын «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» жолдарының құрылысын жалғастыруға 6 млрд. теңгедей қаржы жұмсалады. Аудандар арасында қаржының көп бөлігі Жылыойға бөлінген, ол 1,4 млрд. теңге. Аудан әкімі Рахметолла НҰҒМАНОВТЫҢ айтуынша, жалпы ұзындығы 17 км болатын 20 көше жөнделетін болады.

Келесі 2012 жылы Махамбет, Аққыстау, Ганюшкин, Миялы, Индербор, Мақат және Құлсары поселкелеріндегі көлік жолдарын күрделі жөндеу жалғасады. Аккөл (Құрманғазы ауданы), Исатай (Исатай ауданы), Бейбарыс (Махамбет ауданы) және Тұрғызба (Жылыой ауданы) селоларына кірме жолдар салу, сондай-ақ Құрманғазы ауданында облыстық маңыздағы «Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяевка-Шортанбай» жолдарының бөліктерін күрделі жөндеу  жоспарланған.

Облыс орталығындағы жолды жөндеуге, Атырау қаласы әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВТЫҢ айтуынша, 7 млрд. теңге бөлінген, бұл 96 көше. Осыдан кейін Атырауда бар болғаны асфальтталмаған 6 көше қалады деп сендірді әкім. Қосымша қаржыландырылған жағдайда оларды да жыл аяғына дейін жөндеуге болады. Ал 2012 жылы қала шетіндегі елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстары басталуы тиіс. Оған 20 млрд. теңге қажет, деп хабарлады Есмұратов.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В.Истомин

11 мамыр 2011, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.