Атырау, 30 қыркүйек 18:38
 дождьВ Атырау +25
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Атырау облысында ауыл әкімдері сайланды

Сурет
116 рет қаралды

27 қыркүйекте Атырау облысының алты кент және ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде жаңа әкімдер анықталды.  

Индер ауданы

Индербор кенті әкіміне 3 үміткер түскен болатын. Сайлаушылар тізіміне 10100 адам енгізіліп, 4394 адам сайлауға қатысты. Нәтижесінде 2478 дауыспен 1988 жылғы, кент тұрғыны Сахипов Бақытжан Сансызбайұлы сайланды. Ол бұған дейін Индер ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінің кеңесшісі болған.

Өрлік ауылы округінің әкімі болып, халықтың басым даусымен 1979 жылы туған Қаженов Мұратбек Ермекұлы сайланды. Ол бұған дейін осы ауылдың әкімі болған еді. 

Исатай ауданы 

Нарын ауылдық округіндегі сайлауға 365 сайлаушы қатысып, 3 кандидатты додаға салған еді. Нәтижесінде "Әділет" партиясынан ұсынылған 1976 жылғы, ауылдың бұрынғы әкімі Әбуов Асқар Тулегенович сайланды. 

Құрманғазы ауданы

Ауданда екі округте сайлау өтіп, қорытындысы жарияланды. 

Кудряшов ауылдық округіне де 3 кандидат тіркеліп, нәтижесінде халықтың басым көпшілігі Қайбошев Айдын Асылбекұлына дауыс беріп, жеңіске жетті. Ол бұған дейін округте бас есепші қызметін атқарған. 

Қиғаш ауылдық округіне әкім болып Джунусова Мария Николаевна сайланды. 1966 жылы туған ол бұған дейін де осы округте әкім болған. 

Қызылқоға ауданы 

Мұқыр ауылдық округіндегі сайлауға 1 мыңнан астам қатысты. Сайлаушылар 1980 жылы туған, осы округте бас маман болып жасаған Мақсотов Естай Аманбайұлын таңдады. 

Мақат ауданы 

Бәйгетөбе ауылдық округіне 305 дауыспен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 1989 жылы туған Кенжеғали Берік Ақылбекұлы сайланды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.