Атырау, 30 қыркүйек 16:02
 дождьВ Атырау +24.6
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Атыраулық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азиада-2026 ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

102 рет қаралды

Қазақстан құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 48 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, жапон спортшысы Мицуки Кондоға иппонмен есе жіберді. 

Бұл – 29 жастағы спортшының Азиададағы екінші күмісі: ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен ойындарда да күміс алған болатын.

Әбужақынова соңғы жылдары әлемдік дзюдоның алдыңғы қатарлы спортшыларының бірі атанып, Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған дзюдошы болды. 

Оның қоржынында әлем чемпионаттарының күміс және қола медальдары, Grand Slam турнирлерінің жүлделері және екі Азиада күмісі бар.

Бүгін, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.