Атырау, 30 қыркүйек 13:48
 дождьВ Атырау +18.8
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Құлсарыда карьерге қоқыс төккен "Жылыойтазалыққа" айыппұл салынды

Бейнежазба
61 рет қаралды

«АЖ» жариялаған мақаладан кейін полиция Құлсары қаласындағы Солтүстік Аэропорт ықшамауданы маңындағы бейберекет қоқыс төгілген орынды тексерді.

Бұған дейін «АЖ» тұрмыстық қалдықтардың арасында жануарлар өлексесі жатқан және жергілікті тұрғындар жағымсыз иіске шағымданған карьер туралы жазған еді. Сол кезде аталған аумақта «Жылыойтазалық» ЖШС-нің көлігі де байқалған болатын.

28 қыркүйекте сағат 15:30 шамасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция карьерде кәсіпорынға тиесілі үш бірдей SHACMAN автокөлігін анықтады.

«Құлсары қаласындағы Солтүстік Аэропорт ықшам ауданының шығыс бөлігінде орналасқан карьерге «Жылыой тазалық» мекемесіне тиесілі үш Shacman жүк көлігімен қоқыс төгу дерегі анықталды», — деп хабарлады Жылыой аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Нәсіпкерей.

Осы дерек бойынша «Жылыойтазалық» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, кәсіпорынға карьерді тазалау және қалдықтарды белгіленген орында көму үшін шығару туралы ұйғарым берілді. Полицияның мәліметінше, бұл ұйғарым қазірдің өзінде орындалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

police.atyrau видеосы

Бүгін, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.