Атырау, 29 қыркүйек 16:31
 дождьВ Атырау +22.7
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Жайықтан қолдан жасалған 15 қайық табылды

100 рет қаралды

Жайықтың төменгі сағасында жүргізілген рейд кезінде балық қорғау инспекциясы қызметкерлері браконьерлер түнде өзенге шығып, тор құру үшін пайдаланатын қолдан жасалған 15 жүзу құралын анықтады.

Дамбы балық инспекциясының қызметкерлері рейдті 28 қыркүйекте жүргізді. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың хабарлауынша, Курилкинодан төмен қарай Каспий теңізіне шыға беріске дейінгі учаске, соның ішінде Кіші Дамбыдан өзен сағасына дейінгі аймағы ең мәселелі аумақ болып қала береді.

Өзенге шығу үшін заң бұзушылар халық арасында «астау» («корыто») деп аталып кеткен қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланады. Олар көзге көп түсе бермейді, қамыс арасына жасыру да оңай, сондықтан браконьерлер өзен арнасына ау-тор құру үшін көбіне түнде осы қайықтарды қолданады.

Тушкановтың айтуынша, мұндай қайықтарды тәркілегенде заң бұзушылар ау құра алмай қалады. Ал бұл аулар қарапайым балықшылар үшін де проблемаға айналып отыр: олардың құралдары тыйым салынған балық аулау құралдарына ілініп қалады.

Қыргүйек айында инспекторлар балық қорғау заңнамасын бұзудың 320-дан астам дерегінің жолын кесті. Тәртіп бұзушыларға 5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, сорақы заңбұзушылық белгілері бар 30 материал сотқа жіберілді.

Бір ай ішінде заңсыз айналымнан тоннаға жуық балық, 30 жүзу құралы және 340 ау, қармақ пен басқа да браконьерлік құралдар тәркіленді.

Рейд су полициясымен, учаскелік инспекторлармен және шекара қызметімен бірлесіп жалғасып жатыр.

Бүгін, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.