
Маңғыстау облысында іздестіру-құтқару операциясы кезінде тағы екі әскери қызметшінің сүйегі табылды.
Бұл туралы оқиға орнында жүрген өз тілшісіне сілтеме жасап Lada.kz хабарлайды. Қаза тапқандар судан жағаға шығарылды. Басылымның ақпаратты жариялау сәтіндегі мәліметінше, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізі жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде болды. Қорғаныс министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, ауа райының күрт бұзылуы мен желдің күшеюі салдарынан теңізге 19 әскери қызметші суға кеткен. Бұған дейін ведомство тоғыз адамның қаза тапқанын растаған болатын. Үш адамды құтқарып алды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды.
Оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әскери қызметшілердің қаза болу себебін тергеу үшін Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министр Олжас Бектенов оған ТЖ орнына шұғыл түрде баруды, жан-жақты тергеуді және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді қамтамасыз етуді тапсырды.
В Атырау +27.9