Атырау, 25 қазан 05:36
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Маңғыстауда әскерилер қаза тапты: Олжас Бектенов арнайы комиссия құрды

423 рет қаралды

Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің өлімін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен жасақталған комиссияға Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. Үкімет басшысы комиссия төрағасына оқиға орнына шұғыл барып, қайғылы жағдайдың мән-жайын жан-жақты тергеуді және қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті ұйымдастыруды тапсырды.

Арнайы топтың құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Бас әскери прокурор, Шекара қызметінің өкілдері, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау мен Көлік министрліктерінің басшылары енгізілді.

24 қыркүйек, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.