
«Достық-2» тұрғын үйінде төбе сылақтарының бір бөлігі үгітіліп, түсіп қалды.
Қала тұрғыны Аружан Каленованың айтуынша, төбеден сылақ пен басқа да материалдардың сынықтары құлап түскен. Бұл ретте төбенің қалған бөлігінің жағдайы да оны алаңдатып, балалары үшін қауптеніп отыр.
— Біз мұнайлы астанада тұрамыз, бірақ өз үйіміздің қарапайым қауіпсіздігі үшін алаңдауға мәжбүрміз. Бәрінен бұрын балаларым үшін қорқамын. Күндіз олар үйде қалады, егер жоғарыдан тағы бірдеңе құласа, салдары ауыр болуы мүмкін, — дейді әйел.
Қала тұрғыны жауапты қызметтерден жағдай бұдан да қауіпті сипат алмай тұрғанда, үйді тексеріп, оқиғаның себебін анықтауды және тиісті шаралар қабылдауды сұрайды.
Айгүл МАНСҰРОВА
В Атырау +17.3