Атырау, 16 қыркүйек 14:47
 дождьВ Атырау +27
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

​Мәжілісте полипропилен бағасын төмендету мәселесі көтерілді

Бейнежазба
68 рет қаралды

«Ақ жол» фракциясының депутаты Ермекқали Юсупов премьер-министр Олжас Бектеновке ресми сауал жолдап, елдегі мұнай-химия саласындағы түйткілдерді атап өтті.

Негізгі мәселе – Атырау облысындағы Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) зауыты. Жобалық қуаты жылына 500 мың тонна болса да, кәсіпорын 450 мың тоннаға жеткенімен, өнімнің басым бөлігі экспортқа кетіп, отандық бизнеске жеткілікті көлемде берілмей отыр.

Деректерге сәйкес:

  • 2026 жылдың алғашқы жартысында өндірілген 207 мың тонна полипропиленнің небәрі 20 мың тоннасы (шамамен 10%) Қазақстанда қалды;

  • Қалған 187 мың тоннасы шетелге жөнелтілді;

  • Маусым айында әлемдік баға өскен тұста KPI отандық кәсіпкерлер үшін полипропиленнің бағасын тоннасына 120 мың теңгеге көтерді.

Депутаттың айтуынша, бұл жағдай шағын және орта бизнеске ауыр соққы болып, олардың импортпен бәсекелесуін қиындатып отыр.

Осыған байланысты «Ақ жол» және «Әділет» фракциясының депутаттары Үкіметке жаңа тәсілдерді қарастыруды ұсынды:

  • Отандық өңдеушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасып, бірыңғай әрі экономикалық негізделген баға саясатын енгізу;

  • Металлургиядағыдай қолжетімді бағада шикізатпен қамтамасыз ету механизмін мұнай-химияға да қолдану;

  • Импортты алмастыруға бағытталған нақты шаралары бар «жол картасын» әзірлеу.


Бүгін, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.