
«Атырау» футбол клубының Анталияда өткен қысқы оқу-жаттығу жиындары үшін әлі өтелмеген қарызы бар. AmanVIBE басылымының жазуынша, «мұнайшылар» түркиялық қабылдаушы тараппен осы күнге дейін толық есептеспеген.
Батысқазақстандық клубтың шетелдік серіктестер алдындағы қаржылай қарызы 42 200 еуроны (қазіргі бағам бойынша 22 миллион теңгеге жуық) құрайды.
Қыста команда футбол маусымына белсенді дайындалып, Түркияда бір айға жуық уақыт өткізген еді. Дегенмен оқу-жаттығу жиындары аяқталғаннан бері жеті ай өтсе де, клуб өзінің қаржылық міндеттемелерін әлі де толық жаба алмай отыр. Төлемнің кешігуі «Атыраудың» беделіне және кейінгі шетелдік сапарларына қалай әсер ететіні әзірге хабарланбады.
В Атырау +30.6