Атырау, 14 қыркүйек 14:45
 дождьВ Атырау +26.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Жамбыл облысында ірі қарасора алқабы жойылды

80 рет қаралды

Жамбыл облысында «Қарасора – 2026» іс-шарасы аясында полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ірі есірткі алқабын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды POLISIA.KZ

Құмды аймаққа жақын жерде автономды электрмен жабдықталған, суару жүйесі бар үнді қарасорасы өсірілген жасырын алқап анықталды. Әуе барлау және дрондардың көмегімен күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Ол – бұрын бірнеше рет сотталған, Тараздың 40 жастағы тұрғыны.

Тінту кезінде жалпы салмағы 438 келі болатын 50 түп қарасора, қаптама материалдары, агротехникалық жабдықтар, оқ-дәрілері бар сериялық нөмірі өшірілген Макаров тапаншасы, 12 калибрлі мылтық және есірткі тасымалдауға пайдаланылған жол талғамайтын көлік тәркіленді.

Күдіктіге ҚР ҚК‑нің 300 және 287-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгін, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.