Атырау, 8 қазан 20:53
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Джаз мерекесі

3 188 просмотра

Қаланың ойын-сауықорындарының бірінде халықаралық джаз фестивалі  өтті. Фестивальға Әзірбайжаннан, Қырғызстаннан, біздің Ақтау және Алматы қалаларынан келген қонақтар мен  Атырау музыканттары командасының «құрамасы» қатысты.

ӘЗІРБАЙЖАННАН КЕЛГЕН ТРИО

Айсель МАМЕДОВА, Эльвин ВАШИРОВжәне Салех МАМЕДОВТЫҢ триосы бағдарламаны ашты. Джаз әлемінің болашақ жұлдызы, жас пианист, әнші Айсель Мамедова – бүкіл әлемге аты танымал джаз әншісі Дебора Дж. Картердің шәкірті. Трио негізінен Айсель Мамедованың авторлық шығармасын орындады. Оның шығармаларынан бакулік джаз өнерінің аңызына айналған  Вагиф Мұстафа-Зада туындыларының әсері сезіледі, дегенмен, Айсель әуенінде өзінше нәзіктік беретін камералық академизм бар. Ал, орындаушылық деңгейіне келетін болсақ, оны көрермен де, әріптестері де өте жоғары бағалады. Тіпті, жерлесіміз, клавишші Заирдіңөзі жас талантты қыздың  саусағы тиген синтезаторының шаңын көпке дейін сүртпеспін деп қойды. Айтпақшы, Айсель өткен жылы Щвейцарияның Монтре қаласында өткен вокалистердің халықаралық конкурсына қатысып, бірінші орынды жеңіп алды.

 

САЛТАНАТ АШИРОВА ЖӘНЕ  THE MAP ТОБЫ (ҚЫРҒЫЗСТАН)

Салтанат АШИРОВА және The Map.Салтанат АШИРОВА және The Map.Бұл орындаушылар өздерінің джаз бағдарламасын поп-музыкаға бейімдеп ұсынды. Еркін де, жарқын, кейде тіпті, өзінше бір қылықты Салтанат Баширова өзінің әнімен көрерменге керемет ләззат сыйлай отырып, тыңдарманды, турасын айтқанда, орындарынан тік тұрғызды. Алайда, өздеріңіз білесіздер, джазды биге арналған музыка деп айта алмайсыз. Музыканттардың догмадан еркін, түрлі стильдегі әуендерді араластыра отырып тәжірибе жасаудан еш қорықпайтындықтары байқалды. The Map тобы заманауи джаздан бастап этникалық авангард диапазон аралығында ойнай білді. Сонымен бірге репертуарына қырғыздың ұлттық сарынын қосып, тыңдарманға жеткізе білді.

Салтанат Аширова джаз музыкантын жай орындаушы емес, шығармашыл адам деп есептейді. Ол өзінің ес білгелі ән салып келе жатқандығын айтты. Джазға нақты анықтама беру қиын, өйткені оның бәрі сезіну деңгейі арқылы беріледі.   

– Бұл музыка кабакта орындауға арналмаған, ол әуенді түсінетін тыңдарманға арналған, - деп есептейді топтың сазгері және клавишші Таалай Бейшеев.  

Айта кету керек, бұл топтың әрбір мүшесі өзінше бір оркестр. Музыканттар бір-бірін және аспаптарды оңай алмастырып алған. Музыканттар мен әнші гитара мен клавиштен басқа конго, бонгада, маракаса, дабыл, қоңырауларда және клавишті ауыз сырнайда ойнай біледі. Бұл джаз-бэндке әр түрлі жастағы адамдар жиналған, алайда олардың барлығын  музыкалық суырып салма, төкпе шығармашылыққа деген құштарлық қосып отыр. Содан да болар олар бір-бірін көзқарастарынан-ақ түсінеді.

 

«ХАЗАР» ТОБЫ (АҚТАУ)

Жігіттер сол кеште рок, джаз, блюз стилінде бірнеше танымал шығармаларды және өздерінің джаздық композицияларын орындады.

- «Хазар» тобының негізін салушы, топтың «сәні» – бас-гитарашы Құрманғазы МҰСАБАЕВ және соло-гитарашы Өнер ҚҰЛОВ, -дейді топтың әншісі Карим ІЛИЯСОВ. Саксофоншы Иван Яковлев топқа ақтаулық джаз-оркестрден шақырылған. Айтпақшы, өзгелердің өнер көрсетуі барысында ол кейде  саксофонның үні жетпей жатқанын сезсе, аспабын қолына алып, сахнаға шығып, өзін джэм-сейшен шебері ретінде таныта біледі. Оның бұл орындауы басқа топ музыканттарының шығармасымен шебер үндесе қалады.

 

ГАУХАР САТТАРОВА ЖӘНЕ  «СТЕПС» ТОБЫ (АЛМАТЫ)

Қоңыр дауыстың иесі, «Степс» тобының әншісі Гаухар Саттарова – Қазақстанға танымал джаз әншісі. Келбетіне қарасаң, Дайана Россты еске түсіреді. Қазақстанда джазға табынушылар санының аздығына қарамастан  Гаухар Саттарова мен «Степс» тобы музыкада өздеріне осы бағытты таңдап алған және  көздеген мақсаттарына жету үшін   батыл қимылдауда. Болашақтарына сенімді.

 

АТЫРАУ «ҚҰРАМАСЫ»

Біздің қаламыздың атынан  осы фестивальға арнайы қатысу үшін құрылған «құрама» команда (әнші Әдемі ӘЖІҒҰЛОВА, соло-гитарашы Николай ЗАПОРОЖАН, барабаншы Артем ЧЕРЕМИСИН, клавишші Заир ОРЫНБАСАРОВ жәнебас гитарашы Арман Ғылманов) шықты. Олар «Deep Water”, “Metropolitan” және “Stratus”  вокалды және аспапты композицияларды орындады. Осы шара үшін біздің музыканттарымыз ғаламтор желісі арқылы джаз сазгері Didier Martini-ден нотаны сатып алған.  

 

ДЖЕМ-СЕЙШН

Фестиваль соңында «jam session» (джем-сейшн) болды. Бұл - еш дайындықсыз барлық музыканттардың танымал джаз шығармаларын немесе поп-хиттерді бірге орындауы. Айталық, әрбір музыкант аспапты алады да, жалпы музыкалық әуенге қосылады. Алайда, әртістер сол кеште Әзірбайжан, Қырғызстан мен Қазақстанның әуендерін үйлесімді түрде ұсына білді. Музыканттар шынында да керемет шеберлікпен орындады. Тіпті, олар өздерінің көрермендер алдында тұрғандарын бір сәт ұмытып кеткендей болды, ал залдағылар болса, баяғыда-ақ орындарынан тұрып, әуенге елтіп кетті. Бәрі аяқталғаннан кейін тыңдармандардың қошеметі көпке созылды. Концерттен соң өз пікірлерін білдіргендер де болды. Серік БИҒАМБАЕВ: «Бүгін көңіл-күйдің тоғысуы болды деуге болады. Өйткені, музыка тілі барлық адам үшін бірдей. Музыка – бұл аударуды қажет етпейтін жалғыз бүкіләлемдік тіл».

Итальяндық Даниеле ПРУТЕНЗАНО: «Мен бұл жерде 2009 жылдан бері жұмыс жасаймын. Музыкамен әуестенемін, гитарада ойнаймын. Атырауда болатын концерттерге көп барамын. Алайда бүгінгідей шығармашыл музыканы, шебер орындаушылықты бірінші рет көріп отырмын».

... Біздің қаламызда джаз фестивалінің өткені есімде жоқ. Сондықтан да, бұл фестиваль саз мерекесін өткізу дәстүрінің бастамасы болсын деп тілейік. орындарының бірінде халықаралық джаз фестивалі  өтті. Фестивальға Әзірбайжаннан, Қырғызстаннан, біздің Ақтау және Алматы қалаларынан келген қонақтар мен  Атырау музыканттары командасының «құрамасы» қатысты.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

7 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.